Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  СЕРПІН-2050 » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


СЕРПІН-2050


















«СЕРПІН-2050» Мәңгілік ел жастары – индустрияға!!! .


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында жаhандық деңгейдегі дағдарыс кезінде елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың шешуші міндеттерін көрсетіп, өткен ғасырдың 60-жылдарынан кеңінен тараған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасы орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. Сонымен қатар «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек» -деп көрсетті.

Мемлекет басшысының осы идеяларын негізге ала отырып Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап арнайы бағдарлама қабылдады. Бүгінгі «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы осы бір бастамаға үндеу қосып, барынша жастарға қолдау көрсету болып табылады.

Қазіргі таңда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында бүгінгі күні бала туу деңгейі жоғары, көшіп келушілер көп. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесін тудырады. Әлеуметтік нысандар,үй,мектеп, балабақша, жетпейді. Қанша адам оқу бітірсе де жұмыссыз жүр. Мектеп бітіргендер коллдеждерге оқуға түсе алмайды – себебі үміткерлер көп болғасын, орын жетіспейді. Еңбек күші артып тұрғасын – кадрлық сұраныс аз болады. Бұл- нарық экономикасының заңдылығы. Оқуды бұрын бітіргендер жұмыссыз жүргесін – грант та аз бөлінеді. Керісінше еліміздің кейбір өңірлерінде қадр тапшылығы өте өзекті болып тұр. Бүгінгі таңда бұндай мәселе 7-8 облыста туындауда. Басты себебі – бала туу денгейінің төмендігі және сыртқа көшіп кету миграциясы. Сол өңірлердегі өндіріс орындары еңбек күші жетіспеушілігінен өз әлеуетін толық іске асыра алмай отыр.
Мысалы: Семейде геодезия мамандығына оқытатын колледж бар. Қазақстандағы жалғыз оқу орыны деуге болады. Егер геодезия мамандығын бітіргеннің жалақысы 250 — 500 мың көлемінде болады екен. Ал республика бойынша аталмыш мамандық иелеріне сұраныс көп, тіпті тапшы. Сол себепті біздің бағдарлама қажетті мамандарға жағдай жасап, оларды тегін оқытуға гранттар бөлінді.

Міне, кадр тапшылығын туындатқан осындай мәселелерді шешу үшін индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға, жастар арасындағы жұмыссыздық сияқты мәселелер шешімін тауып, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлауда ел болашағына оң әсерін береді деп күтілуде.
Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында педагогикалық мамандықтарға 7 жоғары оқу орынына 1050 арнайы гранттар бөлінген:
1. М. Өтемісов атындағы БҚМУ
2. Ш.Уәлиханов атындағы КМУ
3. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ
5. Павлодар МПИ
4. Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ
6. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
7. Қостанай МПИ
Бірінші кезекте бұл мүмкіндікті жоғарыда аталған өңірлердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысып әртүрлі деңгейде ұпай жинаған барлық бітіруші түлектер, сонымен қатар кешенді тестілеуден өткен барлық қатысушылар пайдалануына толықтай мүмкіндік бар. Жоғары оқу орнына құжаттар тапсыру кезеңінде 4 оқу орнын таңдауға мүмкіншілік бар екендігі белгілі, алайда осы таңдаулар арасында төменде көрсетілген 7 оқу орнын таңдаған жағдайда арнайы бөлінген 1000 гранттың үміткері бола алады.

Ал,арнайы 23 колледжде білім алушылар үшін 35 мамандық бойынша 1000 грант бөлінді.Мұнда шекті ұпайға (50 ұпай) жетпеген бітірушілерге колледждерге тапсыруға және шығармашылық емтихандар арқылы қабылданатын мамандықтар бойынша грант иегері болу мүмкіндігі бар.
Құжаттарды қабылдау комиссиясы және шығармашылық емтихандар жергілікті жерде өткізіледі. Құжаттар 3 деңгейде қабылданады: жалпы құжаттар қабылдау кезеңі, мемлекеттік грант иегерлерінің қорытындысынан кейінгі кезең және 20 тамызға дейін қосымша құжат қабылдау кезеңі.

1. Көлік және коммуникация колледжі — Астана
2. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар академиясы Ақмола колледжі
3. Экология және орман шаруашылығы колледжі — Ақмола облысы
Агробизнес колледжі — Ақмола облысы
4. «Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі» – БҚО
5. Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі
6. Орал «Жоғары техникалық мектебі»
7. Қостанай индустриальды-педагогикалық колледжі
8. Қостанай “Қазақстан агротехникалық колледжі”
9. Жетіқара политехникалық колледжі — Қостанай облысы
10. Рудный тау-кен технологиялық колледжі — Қостанай облысы
11. Петропавл темір жол көлігі колледжі
12. Павлодар технологиялық колледжі
13. Павлодар бизнес-колледжі
14. Қарағанды политехникалық колледжі
15. Қарағанды теміржол колледжі
16. Темиртау политехникалық колледжі — Қарағанды облысы
17. Мичурин аграрлы — техникалық колледжі — Қарағанды облысы
18.Электротехника колледжі — ШҚО
19. Геодезия және картография колледжі — ШҚО
20. РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС КОЛЛЕЖІ — СЕМЕЙ
21. Семей қаласының «Көлік колледжі»
22. РИДДЕР аграрлық-технологиялық колледжі
23.
Бағдарлама бойынша грант иегерлері стипендиямен, жолақысы және жатақханамен, киіммен және жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағдарламаға бұрынғы жылдары мектеп бітіргендер де қатыса алады.
Қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтардың көпшілігін колледждер дайындап келеді. Мысалы: тамақтандырудың техник- технологы, ақпарттар жүйесі,тау-кен технологиясы, темір жол, байланыс, көлік және коммуникация секілді өзге де салалар бар. Елімізде қазір автомобиль зауыттары көптеп ашылуда, осы зауыттарда колледж түлектері көлік құрастырушылар болып жұмысқа орналасуда. Жастардың техникалық-кәсіптік мамандық алуына көмектесу, оларды жоғары жалақылы жұмыспен қамтамасыз ету, жастарды адал еңбекке ынталандырудың жолын табу — Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.
Сондықтан, «Мәңгілік Ел Жастары — индустрияға» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық жастардың, оның ішінде Оңтүстік аймақ жастарын кең көлемде техникалық-кәсіптік білім алуға және тұғыры биік тәуелсіз Отанымыздың аса маңызды индустрияландыру бағдарламасына қатыстыру мен тартуды мақсат етеді, жастарымызды дербес өмірге, бастамшыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құрудың алғашқы қадамы болып табылады.


Сайын даланың төсін жайлаған қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті.
Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!