Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  20 сұрақ » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


20 сұрақ

СЕРПІН-2050» ЖӘНЕ 20 СҰРАҚ
1. «Серпін-2050» жобасына қатысу үшін ҰБТ немесе КТ(кешенді тестілеу)-ге қатысу міндет пе? Иә, ЖОО үшін бұл тестлеулерге қатысасыз. Ал, колледждер үшін таңдаған оқу орыныңыздың емтихандарына қатысасыз.
2. «Серпін-2050» жобасында қандай мамандықтарға басымдық берілді? Техникалық, кәсіптік және педагогикалық мамандықтар
3. «Серпін-2050» жобасына қай өңірдің жастары қатыса алады? Жобаға ретінде Маңғыстау, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының жастары қатысады.
4. Грант иелерін қабылдаушы өңірлер қай облыстар? Қабылдау өңірлер Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстары.
5. Грант иегерлері жатақханамен қамтамасыз етіле ме? Иә. «Серпін-2050» жобасының грантын иеленгендер жатақханамен толық қамтамасыз етіледі немесе тұратын пәтерлер беріледі.
6. Грант иелеріне шәкіртақы төлене ме? Иә. Бірақ, оқу үлгерімі нашарласа шәкіртақы берілу тоқтатылады. Сондықтан, «серпіндіктер» оқуда озат болуы тиіс.
7. Киіммен қамтамасыз етіледі дегені рас па? Иә, рас. Бірақ, тек колледж студенттері үшін ғана қысқы киімге арналған қаржы қарастырылған. Бөлінетін қаржы соманы жылына 62 мың теңге.
8. Грант иелері оқу бітірген соң оларға жұмыс дайын дегені рас па? Жоба бойынша жас мамандарды жұмыспен қамтудың барлық жолдары қарастырылған. Жұмыс берушілермен оқу барысында тығыз қарым-қатынас орнатылады. Тұрақты жұмыс табу мүмкіндігі бар.
9. Оқу бітірген соң сол өңірде қалу шарт па? Жоқ, оқыған өңірлерде қалу міндетті емес. Бірақ, өздері оқыған өңірлерде жұмыс табу мүмкіндігі жоғары.
10. Жоба бойынша колледж бітіргендер білімдерін жоғарлата ала ма? Иә, колледжден соң жоғары оқу орындарына түсуге болады. Бірақ, кешенді тестілеуге қатысуға тиіссіз.
11. Жобаға қатысатын ЖОО мен колледждер саны қанша? Биыл жобаға 19 жоғары оқу орыны, 48 колледж қатысады. Жоба бойынша биыл 70 тен астам мамандықта оқыту көзделген.
12. «Аламан» фестивалі деген не? Бұл жобаға қатысушылар арасында өткізлетін жастардың шығармашылық, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қабілетін шыңдайтын, түрлі кезеңдерден тұратын іс-шаралар. «Аламан» фестивалі «Серпін» көшбасшыларын таңдауға, жастарды бір-бірімен таныстыруға, табыстыруға бағытталған.
13. Жоба бойынша оқып жүрген оқу орынынан өзге оқу орынына ауысу мүмкіндігі бар ма? Жоқ. Өйткені, жоба гранттары белгілі бір оқу орындарына бекітіліп берілген. Оқу орынын ауыстырған жағдайда грантты жоғалтады.
14. «Серпін» жобасы туралы ақпараттарды қайдан алуға болады? Бұл ақпараттармен serpin-2050.kz сайтынан танысуға болады. Ал, оқып жұрген студенттер жайлы serpin.biz сайтынан білуге болады. Сондай-ақ, сайттарда жастарды жіберуші және қабылдаушы өңірлердегі штабтардың байланыс нөмерлері мен мекен-жайлары көрсетілген.
15. Студенттерге жол шығындары өтеле ме? Иә, жоба бойынша оқып жатқан студенттердің жол шығындары төленеді. Олар қысқы және жазғы каникул кезінде ауылдарына барып-келуге арналған шығындар.
16. «Серпіндіктер» бір-бірімен қалай байланыса алады? Жоба бойынша оқып жатқан жастардың әлеуметтік желілерде арнайы топтары бар. Олар vk.com және facebook.com, youtube.com әлеуметтік желілерінде орналасқан.
17. «Серпіндіктер» оқу бітірген соң не істейді? Әрине, «серпіндіктер» оқу бітірген соң қызмет жасайды және өзара байланыстарын үзбейді. «Серпіндіктердің» қауымдастығы құрылады.
18. «Серпін» жобасы бойынша өзге қандай жоспарлар қарастырылған? «Серпін» жобасы бойынша оқып жатқан студенттер «Серпін» әлеуметтік даму ұлттық қорына волентер ретінде тіркеледі. Қордың қасынан ашылған еңбек биржалары арқылы жұмыс табуға, түрлі қоғамдық шараларға қатысуға мүмкіндік алады.
19. Жоба бойынша оқып жатқан студенттер жазда жұмыс істеулеріне бола ма? Иә, болады. «Серпін» қорының жанынан құрылатын еңбек лагерлерінде жұмыс ңстеулеріне мүмкіндік бар. Сонымен қатар, өзге салаларда да жұмыс істеулеріне қолғабыс жасалады.
20. «Серпіндіктерег» өзге қандай талаптар қойылады? «Серпіндіктер» оқуда озат болуға, белсенді болуға, тәуекелшіл болуға, Отанын сүюге міндетті. «Серпіндіктердің» салауатты өмір салтын ұстануы құптарлық іс.