Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Әдеби бет » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Әдеби бет



Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің оқытушылары мен оқушыларының арасында ауызды толтырып айтатындай өнерлі адамдар жеткілікті. Өздерінің бос уақыттарын шығармашылыққа арнаған дарындылар да аз емес. Атап айтсақ, колледж оқытушысы Жакипова Б.М., «Кітапхана ісі» мамандығының оқушысы Батай Гүлшекер халықаралық, республикалық, облыстық деңгейлерде өз шығармашылығын мемлекеттік тілдің өркендеу жолында, еліміздің болашағын нақты сеніммен алға бастауына бірден-бір үлес қосып жүрген талантты өнерпаздар.

Колледж оқытушысы Қабарова Ж.Т.





Жакипова Бағира Мұсабекқызы - колледж оқытушысы, 1960 жылы Семей облысы Абай ауданы Қараул селосында дүниеге келген. Он жылдықты 1978 жылы Абай орта мектебінде бітіріп, Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледжге түсіп, 1982 жылы бітіреді. 2004 жылы Павлодар мемлекеттік С. Торайғыров атындағы университетті бітірді. 1982 жылдан бастап Абай ауданындағы балалар музыка мектебінде оркестр жетекшісі, домбыра мұғалімі болады, сонымен қатар Абай ауданының «Қаламқас» - халық ән-би ансамблінің белді мүшесі болады. Осы ансамблмен көптеген шет елдерде қазақтың қара домбырасын насихаттайды. Осындай еңбектері үшін көптеген шет елдің грамота, сыйлықтарына ие болады. 1983 жылы Кенен Әзірбаевтың 100-жылдық мерей тойында өткен республикалық күй сайысында бірінші орын жеңіп алды. 1978 жылы Москвада өткен Бүкіл Одақтық этнографиялық ұлттық аспаптарда ойнау фестивалінде Лауреат атанады. 1993 жылы Қазақстан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Бағира Мұсабекқызы Венгрия, Түркия, Грузия, Махагкала, Қытай, Украйна, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекуеттерінде және Қазақстанның барлық аумақтарында өнерін халыққа паш етті. 1998 жылдан бастап Ақсу қаласының Жаяу Мұса колледжінде қызмет атқарып келеді. Бағира Мұсабекқызының шәкірттері Қазақстанның әр жерлерінде қызмет атқаруда. Бос уақытында өлең жазып, ән шығарумен шұғылданады. Өлеңдері қалалық газет беттеріне жиі шығып тұрады.




Гүлшекер Батай – Жаяу Мұса атындағы колледж оқушысы, 1992 жылы Монголия мемлекетінің Байөлке қаласының Қызылқайын ауданы Соғақ ауылында 20 ақпанда дүниеге келді. Туған ауылында 9 жылдық мектепті бітіріп, Байөлке қаласында 10-11 сыныптарды тамамдап, жоғары оқу орнына түсу мақсатында ата жұртымыз Қазақстанға қадам басады. 2010-2011 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы Шахмардан Есенов атындағы КМТжИУ-де дайындық бөлімінде 1 жыл оқиды. Қазіргі уақытта Павлодар облысы Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы оқу ордасының 3 курс студенті. Жастайынан өнерге жақын, өлеңге құмар болып өседі. Шығармашылығы 5 сыныптан басталады. Авторлық өлеңдері мектепте «Болашақ» журналына, Ақтау қаласында «Үш қиян» газетіне, Павлодар облысының «Регион» газетіне жарияланады. Түрлі айтыс мүшәйраларда жүлделі орындарға ие болған. Халықаралық «Шабыт» фестиваліне қатысып, Фариза Оңғарсынова мен Әбіш Кекілбаевтің батасын алды. Болашақта еліне ерен еңбек ете білетін ұлы бабаларындай ұлағатты жан болуды мақсат етеді.



Жақсыбекова Рымтай Тлеуқабылқызы
Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде 1996 жылдан бастап еңбек етеді. Ұстаздық еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, колледждің өміріне тікелей байланысты өткізілген іс-шаралардың барлығына белсенді ат салысатын шығармашыл оқытушы. Оқу ордасының атын республикалық , облыстық деңгейгеде оқушыларын таныта білген оқытушы. Оқушыларын үнемі ізденіске, шығармашылыққа жетелеп, оқушының кәсіби біліктілігін дамытады. Оқушыларының шығармашылық жұмыстары түрлі сайыстарда жүлделі орындарға ие болған.


default.docx [7,37 Mb] (cкачиваний: 5)