Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Әдiстемелiк жұмыс » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Әдiстемелiк жұмыс

Колледждегi әдiстемелiк жұмыс білім беру қызметінің маңызды бөлігінің бірі және әдiстеменi жетiлдiру, сабақтардың барлық түрлерiн өткiзудің сапасын жоғарылату, жаңа әдiстер мен оқу құралдарын енгізу мақсатытында басқарушы және оқытушылық құрамы ұйымдастыратын шаралардың жиынтығы болып табылады.

Педагогикалық ұжымның оқу-әдiстемелiк қызметi: «Маманның жаңа үлгiсi: инновациялық дайындық және білікті жол» орталық әдiстемелiк мәселе шеңберiнде iске асады. Педагогикалық ұжым әдістемелік жұмысты жоспарлағанда колледж алдында тұрған мәселелерді шешуге мүмкiндiк беретін жұмыс формаларын қолдануға тырысады. Педагогикалық ұжымның әрбір мүшесі өз кәсіби - педагогикалық міндетін білім беру процессінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі мамандарды дайындаудың сапасын жоғарлатуының негізгі факторы болып табылатының ескере отырып атқарады.
Әдiстемелiк жұмыс оқу-әдiстемелiк және ғылыми-әдiстемелiк қызметке бөлінеді.

Оқу-әдiстемелiк жұмыс оқу процессінің оқу-әдiстемелiк қамтамасыз етуiн, оқытуда қолданылатын әдістер мен оқу құралдарын жетілдіру мен тиімділігін жоғарлатуын, педагогикалық тәжiрибенi зерттеуін және игеруiн, инженерлiк - педагогикалық құрамның біліктілігін жетiлдiруiн, нұсқаулы - әдiстемелiк мәжiлiстердiң ұйымдастыруын, тәлiмгерлiк мектебi арқылы жас мамандарға практикалық көмек көрсетуін, олимпиядаларды ұйыдастыруын, әдiстемелiк тәжiрибенiң талдау мен жалпылауын қамтиды.

Ғылыми-әдiстемелiк жұмыс экспериментті қызметті, біліктілікті жетiлдiрудi ұйымдастыруды, инновациялық технологиялар мен озат педагогикалық тәжiрибенi зерттеуді, талдауды, игеруді және енгiзуді, жаңа әдістер мен оқыту құралдарын зерттеуді және дайындауды, колледждің күнделікті білім беру тәжiрибесiне жаңа педагогикалық технологияларды енгізуді, iшкi және сыртқы пайдалану үшін баспа жұмыстарын шығаруды, дөңгелек үстелдер, ғылыми-практикалық конференциялар және семинарларды ұйымдастыруды көздейді.

Әдiстемелiк кабинет колледждегi барлық әдiстемелiк қызметтiң орталығы болып табылады. Әдiстемелiк кабинетте педагогикалық ұжымның озат төжiрибесiнің инновациялық оқу-әдістемелік материалдары, жаңа педагогикалық технологиялардың әдiстемелiк құралдары, оқытушылардың портфолиолары, мамандықтар және оқу жоспарындағы пәндер бойынша оқу бағдарламаларының бақылау пакетi жиналған. Мұнда үнемi жұмыс iстейтiн көрме ұйымдастырылған. Көрмеде оқытушылардың баспа жұмыстары мен оқу – әдістемелік құралдары, педагогикалық және әдiстемелiк әдебиеттiң жаңалықтары, оқытудағы жобалық қызметтiң материалдары және т.б. көрсетілген. Колледждегі барлық әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушы және үйлестіруші бөлігі болып табылатын, қызметі тиісті Ережеде белгіленген, әдістемелік кеңес пен циклдық әдістемелік комиссиялар.

Колледждiң әдiстемелiк кеңесі үнемi жұмыс iстейтiн ұйым. Ол колледждегі оқу, әдiстемелiк, ғылыми және тәрбиелiк жұмысты үйлестiру үшiн қызмет етеді. Кеңес білім беру сапасы, оқыту процессінің оқу-әдiстемелiк жұмыстары, оқытушылық қызметтiң тиiмдiлiгi, оларды ұйымдастыруды жаңарту, мазмұны және әдiстемесі бойынша мәселелердi мақсатты және жүйелi түрде іске асырады.

Колледждегі оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк жұмысты жетiлдiру мақсатында сегiз циклдық әдiстемелiк комиссиялар құралған. Циклдық әдiстемелiк комиссия кәсiби бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жұмыс жоспарларының белгілі циклына кiретiн ағайындас пәндер оқытушыларының бірлестігі болып табылады. Оқушыларды оқытуда кәсіби дайындаудың әр түрі бойынша, циклдың оқу пәндерін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге арналған мақсатты және жүйелі жұмысты ұйымдастыру бойынша оқу-әдістемелік үйлестіру жұмыстары үшін команда қалыптастырылады.
Әдiстемелiк қызмет оқу процессіне озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, жалпылау, енгізу бойынша, жалпы кәсіби және арнайы пәндердің сабақ беру әдістемелерін жетілдіру және оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеу бойынша мақсатты және жүйелі турде жұмыс жүргізеді. Әрбір оқытушының кәсіби және әдістемелік шеберлігін жоғарлатудағы жеке жұмысына ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы колледжде оқу-әдiстемелiк процессiн ұйымдастырудың және оны басқарудың бiрыңғай жүйесі жұмыс iстейдi, педагогикалық ұжым негiзгi кәсiби бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.