Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/static.php on line 143 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Тәжірибе » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Тәжірибе

Өндірістік практиканы ұйымдастыру және әлеуметтік
серіктестермен өзара әрекет



Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде жүзеге асатын әлеуметтік серіктестік жүйесі оқу орынның даму бағдарламасының құранды бөлігі болып табылады. Әлеуметтік серіктестік біздің колледже келесі бағытта дамуда:

- мемлекеттік аттесттау комиссияның жұмысына оқу-бағдарламалық құжаттамаларға пікір беру, колледждің даму стратегиясын қалыптастыруына әлеуметтік серіктестік арқылы білім беру сапасын бақылау, оқу үрдісінің мазмұны және ұйымдастыруды жетілдіру;
- оқушылардың тәжірибелік оқыту үшін қазіргі технологиялық базасын әлеуметтік серіктестер ұсынады;
- түлектерді жұмысқа орналастыру көмек ұйымдастырады;
- мамандар дайындығы туралы келісімшарт жасайды және іске асырады;
- тиісті өндіріс саласында кәсіптік қызметінің тәжірибесі бар мамандарды колледжге оқытуына қатыстырады;
- жұмысберушілердің кәсіпорынды дамыту үшін қосымша қаржыны қосу, оқу үрдісіне материалдық-техникалық қамтамасыз ету, білім беру үрдісін жетілдіру, оқуға төлеу және т.б.;
- кәсіпорындар үшін мамандар дайындау;
- колледждің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін аттыру.

2014-2015 оқу жылында колледж Ақсу қаласының келесі кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасасты: Электрлік станция «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ; «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ; «Ақсу су арнасы» МКК; «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ және басқалар. Келісімшарттар саны-160. Ынтымақтастық туралы келісімшарттың мәніне тараптардың аймақтың орта кәсіптік білімі бар мамандарға деген әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында өзара байланыс пен өнімді ынтымақсатық негізінде бірлескен қызметі жатады. Бұдан басқа, «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» КМҚК мен «ЕЭК» АҚ ЭС базаларында кәсіптік оқытудың дуальді жүйесін енгізу Жобасы жүзеге асырылы.

Осы жылы қала және облыс кәсіпорындарымен колледжге 6 грант оқушыларды оқытуға бөлінді.Алты адам жұмысберушілердің қаражаты есебінен оқиды: «Есеп және аудит» мамандығы бойынша -2, Федоров Эдуард және Суваров Александр ( ЖК «Твои дом» және ЖК «Беллер Т.Я»; «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы бойынша Кужахметов Алибек («Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ); «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша 2, Стоякин Дмитрий және Кузьмичев Владислав (Теміртау қ. «Футбол Федерациясы»); «Электр стансаларының, шағын стансалары мен желілерінің электр жабдығы»мамандығы бйынша Гейденрайх Егор (Қазақстан Республикасы қоршаған орта мен су ресурстары Министрлігі «Қаз водхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Қ.Сатпаев атындағы Канал» филиал )
2014-2015 оқу жылында 131 оқушы қала, облыс, аудан кәсіпорындарында өндірісті практиканы өтті, оныңішінде 40 оқушы ақылы практиканы өтті және 33 түлек практиканы өткен орындарында жұмысқа орналасты.

Есеп беру кезінде 3 өндірістік оқытудыңң шебері «Еуразаттық энергетикалық корпорация»АҚ кәсіпорында тағылымдамадан өтті, осында олар өндірістің осы заманғы жабдықтары мен инновациялық технологияларды зерттеді.
2015 жылы «ERG Көмек» корпоративтік фонд әлеуметтік серіктестік шеңберінде колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 30, миллион теңге бөлінді:сәуір- бірінші транш (1,5 млн.теңге); маусым-2 транш (1,5млн.теңге)

Дуальді білім беруді енгізу тәжірибесі

Қазіргі уақытта бізбен «ЕЭК»АҚ –да дуальді жүйесін енгізу жөнінде жоба іске асырылуда. 2014 жылғы 29 қаңтарда Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде АҚ «ЕЭК» УЧР және ОР бастығы А.Н.Носов пен жетекші маман Л.С.Мусинаның шақыруымен «Дуальді оқыту жүйесін енгізу» Жобасының тұсаукесері өтті.Колледж әкімшілігі мен «ЕЭК»АҚ өкілдерімен

Дөңгелек үстелде дуальді оқыту жүйесін меңгеру сұрақтары талқыланды, одан әрі институционалдық даму жоспарының сәтті жүзеге асыру үшін арнайы пән оқытушыларына және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу және т.б. 2014 жылғы 3 ақпанда осы жобаны табысты жүзеге асыру басталды. «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығының үшінші және төртінші курс оқушылары «ЕЭК»АҚ жұмыс орындарында жұмыс бригадасының оқушылары ретінде ақылы оқу-өндірістік, технологиялық және дипломалды практиканы өтуге мүмкіндіктері бар.Кәсіпорын қазіргі уақытта үздік практиканттарды жұмысқа орналастыру туралы сұрақты қарастыруда:А.Есенбек,Н.Письмиленов, Г.Габбасов және т.б. Жоба 2015 жылдың маусымында толық жүзеге асыруға есептелген. Аталған жобаны енгізудің алдын ала нәтижесі бойынша 2015 жылдың тамыз айында тараптардың келісімі бойынша осы мамандық бойынша аталған жұмыс тәжірибесін жалғастыру туралы келісімді жасау жоспарлануда.
Тұтас алғанда колледждің барлық оқушылар контингентінің дуальді жүйемен қамтыды-60% құрады,
Дуальді оқытуды жүзеге асыру шеңберінде колледжде келесі іс-шаралар өткізіледі:
- 0906000 «ЖЭС жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығы үшін ДОЖ енгізу Жобасы өнделді және жүзеге асырылуда;
- дуальді оқытуды жүзеге асыру бағдарламасы өнделді;
- «ЕЭК»АҚ –мен жұмыс бағдарламасы келісілді;
-дуальді оқытуды жүзеге асыру жөнінде бірлескен шаралар жоспарланды:
- тағы да басқа
Білім беру үдерісінің ақпараттық және кадрлық қамсыздандыру, бағдарлманы жүзеге асыру шарты, жалпы және кәсіптік құзіреті, кәсіптік қызметтің тізімін ескеріп дуальді оқыту бағдарламасы өнделді.
Дуальді оқыту кесесіне сәйкес оқушылар зертханалық-тәжірибелік сабақты, оқу, технологиялық және дипломалды тәжірибені өтеді.
Дуальді оқыту кезінде өндірістің технологиялық үдерісін толық зерттеу үшін оқушылар топтарға бөлінеді, оларға жоғары білікті мамандардың құрамынан тәлімгерлер бекітіледі, жұмыс орындары бойынша кесте жасалады.
Оқушыларға жоғары технологиялық жабдықта жұмыс істеуге мүмкіндік ұсынылады, озық технологияларды қолдану кәсіптік құзіреттілік пен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туғызады
Құзіретті меңгеру сапасының бағасы кәсіпорын тәлімгерінің қатысуымен ұжымдық жүзеге асырылады.
Үздік оқушылар «ЕЭК»АҚ жұмысқа орналасуға 100% мүмкіндік алады.
«ЕЭК» АҚ мен «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ; өкілдері барлық колледжішілік шаралардың құрметті қонақтары болып табылады және колледждің кадрлық әлеуетін қалыптастыруда белсене қатысады.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу

Колледжде кәсіби практикасын ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жүргізіледі: «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы», «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік серіктестік туралы», ҚР Еңбек Кодексы, «Кәсіптік оқу орындарында оқушылардың кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік ұсыныстар» бекіту туралы» 05.04.2004ж. №287 БжҒМ Бұйрығы.
Кәсіби практика оқушы мамандығына сәйкес келетін бейіндегі ұйымдарда (кәсіпорындарда, мекемелерде) өткізіледі. Кәсіби практиканың өнімділігі мамандық бойынша оқу жоспарларымен анықталады, жұмыс берушілердің ұйымдарымен әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт негізінде іске асырылады және оқушылардың кәсіби практикасына бір ай қалғанда жасалады.
Колледж оқушыларының кәсіби практикасы оқу үрдісінің құрама бөлігі болып табылады. Кәсіби практика мақсаттарына жатады: оқушылардың теориялық оқыту үрдісінде алынған білімдерін бекіту, тереңдету және жүйелеу, таңдаған мамандық бойынша қажетті практикалық біліктер мен дағдыларға баулу, оларды болашақ еңбек қызметіне тарту.

Оқу орнымен белгіленген есептілік түріне жатады: өндірістік практика бойынша есеп, өндірістік оқыту күнделігі және өндірістік мінездеме (практикант жұмысы туралы пікір).
Оқушыларды практика базаларына бөліп таратуға дейін конференция өткізіледі. Онда практиканың мақсаттары мен міндеттері, оның мазмұны мен көлемі түсіндіріледі, жеке тапсырмалар беріледі, колледжден практика жетекшілері тағайындалады, өндірістік практика өтетін кәсіпорындардан және ұйымдардан өкілдер шақырылады.
Колледжден тағайындалатын өндірістік практика жетекшілері кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы практика жетекшілерімен байланыс орнатады және олармен бірлесіп практиканың жұмыс бағдарламасын құрайды.
Практика аяқталған соң барлық практиканттар практика бойынша есептілік құжаттамасын тапсырады. Онда практика өткен жері туралы барлық ақпарат, барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысының сипаттамасы және орындалатын жұмыс пен оларды жүргізудің нақты күні белгіленген практика күнделігі болу керек. Есеп беру құжаттамасын қорғау жеке тәртіпте өткізіледі, одан кейін баға қойылады.
Практика аяқталған соң қорытынды конференция өткізіледі, онда практика нәтижелері қарастырылады, қорытынды жасалады, кемшіліктер көрсетіледі.
Барлық мамандықтар бойынша практиканттардың жұмыс орындары бойынша 100 % еңбекке орналасуы қамтамасыз етіледі, бір кемшілігі - оқушылардың 10% ақылы орындарда жұмыс істейтіндігінде.

Колледж оқушыларының кәсіби практикасы жақсы деңгейде өткізіледі. Оқушыларға берілген пікірлер мен мінездемелер біздің оқушылардың талапқа ие және жеткілікті дайындығы бар екендігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Көптеген оқушылар практика аяқталған соң оны өткен өндіріске, мекемеге немесе кәсіпорынға жұмысқа шақырылады. Бұл жас мамандардың бекітілуіне ықпал етеді.
«Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» және «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы АФЗ өндірістік практика өтуге арналған базалық кәсіпорындар болып табылады. Колледждің 170 астам оқушылары осы кәсіпорындарда өндірістік және диплом алдындағы практиканы келесі мамандықтар бойынша өтеді:
«ЖЭС жылу энергетикалық қондырғылары»; «Электр стансалары мен кішігірім стансалардың электр жабдықтары»; «Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың (әр сала бойынша) автоматтандырылған жүйелері»; « Есеп және аудит», «Дәнекерлеу ісі», «Тамақтану ұйымы».
Өндірістік практика талдауы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің оқушылары технологиялық және диплом алдындағы практикадан өткен кезде практика базасы болып табылатын кәсіпорындарға еңбекке орналасатынын көрсетті.



Кәсіпорын көлемінде ұсынылған практика орындарының көлемі (адам)













Мамандықтар бойынша 2014-2015 оқу жылына тәжірибе қорытындысы









«Ең үздік маман» сайысын өткізуді ұйымдастыру


Бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін оның шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасалу керек. Бұған конкурс арқылы қол жеткізуге болады. Конкурсқа қатысу үрдісінде оқушылардың біріншілікке, кәсіби шеберлікке деген ұмтылысы қалыптасады. Бұған колледжде жыл сайын өткізілетін «Мамандығы бойынша ең таңдаулы» конкурсы ықпал етеді. Бұған дейін конкурс туралы ережені әзірлеу, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың бас мамандары ішінен қазылар алқасы құрамын анықтау, бағалау критерийлерін, тапсырмаларын әзірлеу, қатысушыларды таңдау сияқты үлкен жұмыс жүргізіледі. Байқау конкурсын өткізудің негізгі критерийіне біздің оқушылардың экономика және өндіріс саласындағы қажеттілігі және бәсекеге қабілеттілігі жатады.

Биылғы оқу жылында «Ең үздік маман» байқау-конкурстары колледждің барлық мамандықтары бойынша өткізілді. Конкурсқа ерікті негізде үшінші және төртінші курс оқушылары қатысты. Конкурстың мақсаттары мен міндеттеріне жатады: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту; заманауи жағдайларда өндірістік жағдаяттарға тез бейімделу; болашақ маманның оңтайлы әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.
Конкурс барысында оқушылардың кәсіби және шығармашылық қабілеттері анықталды. Конкурстың барлық кезеңдерінде құзырлы қазылар алқасы үміткерлердің қызметін теориялық және практикалық дайындықтарының бағасы бойынша бағалады. Бағалаудың негізгі критерийіне жатады: конкурс тапсырмаларын рәсімдеудің және мазмұнының сапасы, шығармашылық жұмыс, кәсіпқойлық, идея, білгірлік, түсіндірілетін мәселенің көкейкстілігі мен дәлелділігі.

«Мамандығы бойынша ең таңдаулы» конкурсы әр оқушыға өз біліктері мен дағдыларын көрсетуге, өзінің жоғары санатын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Мамандықтар бойынша өткізілген конкурстың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды: «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы» мамандығы бойынша Мардан Мөлдір ,мамандыру-хореограф; Кириченко Владимир, мамандыру-көпшілік көріністердің режиссері; Женисов Тасқайрат-музыкалық мамандыру ; Васильев Виталий-мамандық –«Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары», Куандыков Тахир –мамандық «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану»; Сороколит Алексей –мамандық «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Бастауыш кәсіптік дайындық бөлімі бойынша колледжішілік «Тамақтандыруды ұйымдастыру» «Үздік аспаз» мамандығы бойынша кәсіби шеберлік конкурстың жеңімпазы Музукаева Алия атанды. «Дәнекерлеу ісі» «Үздік электрогаздәнекерлеуші» мамандығы бойынша Марченко Илья атанды.Бұдан басқа,біздің оқушылар облыстық конкурстарға қатысты:


1. «Тиімді тамақтану денсаулық пен әсемдік эталоны» облыстық конкурс.Конкурс 2014 жылғы қазанда Павлодар тамақтану және сервис колледжінде өтті.Тамақтандыру мамандығы бойынша 2,3 курстың Пк-22 Пк-33 тобының оқушылары қатысты.Колледж командасы «Салауатты тамақтануды насихаттау жөнінде үздік үгіттеу командасы» номинациясында 3 орынды иеленді.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекмелерінің оқушылары арасында «Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)» біліктілігі «Электргаздәнекерлеуші» мамандығы бойынша облыстық конкурс.Конкурс 18.02.15 жылы Ақсу қара металлургия колледжінің базасында конкурс өтті.Конкурста 8 конкурсқа қатысушы қатысты.Марченко Илья 4 орынды иеленді, қатысушы сертификатын алды.
3. Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарында оқушылары арасында «Үздік аспаз» облыстық конкурс. Конкурс 20.02.15 жылы Павлодар тамақтану және сервис колледжінде өтті.Конкурсқа 11 конкурсқа қатысушы қатысты.Музукаева Алия қатысу сертификатын алды.

2015 жылғы 9 сәуір күні Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде «Электромонтер мамандығы бойынша үздік-2015» облыстық конкурсы өтті. Павлодар облысының жеті колледжінің оқушылары мықты атақ үшін тартысты-оқу орындарында өткізілген конкурстың бірінші кезеңнің жүлдегерлері.Облыстық конкурс 4 кезеңнен өтті.1 кезең-«Визит карточкасы». 2 кезең-тестілеу (60 минут), 3 кезең-тәжірибелік (стендте ұсынылған кесте бойынша пәтердің электр сымын құрастыру және электр қозғалтқыштың реверсивтік қосу.Соңғы тапсырмада оқушылар тренажер-манекенде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша өздерінің дағдыларын көрсетті.Жаяу Мұса атындағы ақсу колледжінің оқушысы Фисун николай конкурстың барлық кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.Нәтижесінде Николай ең көп ұпай жинап «Электромонтер мамандығы бойынша үздік-2015» облыстық конкурстың жеңімпазы атанды.


Қоғаммен және еңбек нарығымен өзара әрекеттесу
Еңбек нарығының талдауы және ақпараттық жұмыс


Техникалық және кәсіптік білім берудің заманау кезеңінде дамуында адамның сана сезімін белсенді жетілдіру үрдісі және оның тұлға ретінде кәсіптік қалыптасуы байқалады.

Бітіруші түлектердің мансаптық өсуі мен кәсіптік бейімделу сұрағы мемлекеттік саясаттың басымдылығы болады.Болашақ студенттер үшін көз тартарлық және колледж мәртебесі жұмысқа орналастыру сапасы мен білім берудің сапасынан жиналады. Ақсу колледжі түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші бүтіндей ойдағыдай.2015 жылдың түлектерінің жалпы саны -302адам:алдын ала жұмыспен қамтылады-214; жоғары оқу орнында оқуды жалғастырады-47; басқа себептер (қарулы күштерде қызмет етеді, декреттік демалыс, ҚР шекарасынан және облыстан шығу)-41
Практикалық тәжірибенің болуы біздің оқушыларға колледжді аяқтаған соң қаланың, облыстың және ауданның әр түрлі мекемелеріне, кәсіпорындарына, ұйымдарына еңбекке орналасу кезінде көп көмегін тигізеді, жаңа ұжымда тез бейімделуге ықпал етеді, бұның барлығы түлекке өзін толық күйде іске асыруға мүмкіндік береді.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі түлектерді еңбекке орналастыру бойынша мақсатқа бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді. Ол келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
1. Қаланың және облыстың кәсіпорындарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен түлектердің кәсіптік практикадан өтуіне және еңбекке орналасуына ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу. Колледж ауданның кәсіпорындарымен және ұйымдарымен келісімшартқа отырды. Болашақта жұмысқа орналасу құқығымен оқушылардың қала және облыс кәсіпорындарында практикадан өтуінің ұзақ мерзімді жүйесі құрылды.
2. Еңбекке орналасу мәселесіне кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша жүргізілетін жұмыс ықпал етеді. Бұл қызметтің қорытындысына оқушылар практикадан өткен кезде практикалық тәжірибе ала келе, колледжде оқу курсы аяқталған соң кәсіпорындармен жұмысқа шақырылатыны (бос орын болған жағдайда) немесе келешекте еңбекке орналасу мүмкіндігімен мәліметтер банкіне енгізілетіндігі жатады. Колледждің кәсіпорындармен тығыз байланыс жасауының арқасында жас мамандарға өндірістік практиканы белгілі жұмыс орнында өту мүмкіндігі ұсынылады, бұл көбінесе олардың болашақтағы кәсіптік маңыздылығына әсер етеді.
3. Аймақ кәсіпорындарының, ұйымдарының және мекемелерінің басшыларымен, кадр агенттіктерімен қалыптасқан тура байланыс жасау арқылы түлектерге еңбекке орналасу кезінде және нарықтық жағдайда өздігінен жұмыс іздеу технологиясын жетілдіру бойынша түлектер үшін жиналыстар ұйымдастыру арқылы қолғабыс ету (түйіндеме жазу, жұмыс берушімен әңгімелесу кезінде өзін-өзі ұстауы және т.б.).
4. Колледждің қала шеңберінде өткізілетін Вакансиялар жәрменкесіне қатысуы. Бұл жұмыспен қамту орталығымен тығыз серіктестік орнатуға және жұмысқа орналаспаған түлектерге бар вакансиялар туралы ақпаратты уақытымен жеткізуге мүмкіндік береді.
5. 2020 жұмыспен қамту Бағдарламасына біздің түлектедің қатысуы.Жыл сайын біздің түлектер Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылады.




Жұмысқа орналастыру










Жұмысқа орналастыру мониторингі










Біздің түлектердің еңбекке орналасу өзгешелігін айқындау қажет:
1. Өз бетімен жұмысқа орналасу-50%;
2. Қолдау бойынша жұмысқа орналасу (таныстар, ата-ана, туыстар)- – 15%;
3. Оқу орынның жәрдемдесуі арқылы жұмысқа орналасу (колледж) - 30%;
4. Мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың сұранымы бойынша жұмысқа орналастыру- 5 %


Ақсу колледжі түлектерінің жұмысқа орналасу алдыңғы үш жылдың талдауы көрсетті, жұмысқа орналасу пайызы қалыпты 71-75%, жоғры оқу орнына түскілері келетін түлектердің пайызы жоғарылады. Басқа да себептер –қарулы күштерде қызмет ету, декретті демалыс, ҚР және облыстың шекарасынан шығу. 50% түлек өндірістік тәжірибені өту жерлеріне жұмысқа орналасады.
Түлектердің жұмысқа орналасу сауалы бойынша біз белсенді жұмыс жүргіземіз:
• «Ақсу қаласының әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту орталығы»ММ
• Ақсу қаласының халықтарды жұмыспен қамту орталығы
• «ЕЭК»АҚ адамзат ресурстары басқарма бөлімі мен Ақсу ферроқорытпа зауыты «Қазхром ТҰК» АҚ
• Басқа да ұйымдар мен мекемелер,кәсіпорындардың кадрлық агенттігі


Өндірістік-оқыту жұмысы жөніндегі
директордың орынбасары
Яцкевич Т.В.