Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/show.full.php on line 294 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Социальное партнерство » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Әлеуметтік серіктестік

Автор: Enix 12-10-2011, 19:56, қарап шықты: 1082, түсіндірмелер: 0

Оқу орнында энергетикалық және металлургиялық мамандық салалары бойынша кадрларды даярлауда аймақтық жағдай қаланы құрайтын екі кәсіпорын – Ақсу темірқорытпа зауыты және Еуроазиат энергетикалық корпорациясы себепші болып отыр. Колледж «Қара металл металлургиясы» мамандығы бойынша орта буын кадрларын даярлайтын облыста жалғыз оқу орны болып саналады. Түлектердің еңбек нарығында талап етілуі - техникалық және кәсіптік оқу білім беру мекемелерінің нәтижелілігінің негізгі белгісі болып табылады. Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші -72% құрайды.

Колледж басшылығы және педагогикалық ұжым аймақ кәсіпорындары: АҚ «Еуроазиат корпорациясы», Ақсу темірқорытпа зауыты АҚ филиалы «ТНК» «Қазхром», АҚ «Павлодар Элекрт Жүйесін Таратушы Компания», элекрт тораптарының Батыс кәсіпорындарымен ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайтуға мақсатталған жұмыстар жүргізіледі. Оқушылардың өндірісте технологиялық және диплом алдындағы практиканы өндірісте өту туралы келісім шартқа қол қояды.

Социальное партнерство Социальное партнерство


Әлеуметтік серіктестер аттестациялау тәртібі арқылы оқу орнының қызметін бағалауға, бақылауға, басқаруға қатысады. Колледжде барлық техникалық мамандықтар бойынша қорытынды аттестация жүргізу үшін, қаланы құрайтын кәсіпорындардың жетекші мамандарынан тәуелсіз мемлекеттік аттестациялау комиссиясы құрылып, қызмет етеді.

Социальное партнерство Социальное партнерство

Социальное партнерство Социальное партнерство


Ақиқитқа негізделген, еңбекқор адамның бейнесін қалыптастыру, өндірістік жағдайларға тез арада бейімделу және мамандықты насихаттау мақсатында колледжде «Мамандық бойынша ең үздік» атты сайыс өткізілді. Сайыстың қазылар алқасына қаладағы өндірістік кәсіпорындардан жетекші мамандар шақырылды.

Әлеуметтік серіктестік аясында колледждегі зертханалар мен шеберханалардың материалдақ-техникалық базасын күшейтуге 2011 ж. Еуразиялық энергетикалық корпарация 1,5 мил. теңге бөлді.


Социальное партнерство 2011 жылдың сәуір айында колледжде қаланы құрайтын кәсіпорындар өкілдері: АҚ «ЕЭК», АТЗ АҚ «ТНК Қазхром-ның» филиалы, «ҚСК» МҚМ, ММ «Ақсу қаласы бойынша әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі», оқытушылар және колледждің биылғы түлектерінің қатысуымен «Кәсіби білім беру және еңбек нарығы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мекеме өкілдері: Ақсу темірқорытпа зауытының еңбек ресурстары бастығының орынбасары Оразалы Жүнісов, Батыс электр желісі мекемесінің директоры Владимир Могучий, Ақсу темірқорытпа зауытының ғылыми-инженерлік орталығының бастығы Алтай Қалиақпаров, АҚ «Евроазиат энергетикалық корпорациясы» персоналға білім беру маманы Татьяна Мосс колледж түлектерінің кәсіптік дайындығы жоғары деңгейде екендігін атап өтті,еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін жас мамандардың дағдыларын жетілдіру керектігіне тоқталды. Колледж және кәсіпорын ынтымақтастығын кеңейту, нығайтуға бағытталған үндеуді қабылдау, дөңгелек үстелге қатысушылардың сұхбат нәтижелілігінің қорытындысы болып табылады.

Санат: Производственная деятельность

Құрметті қатысушы, сіз сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Сізге тіркелуін ұсынамыз, немесе сайтқа өз атыңызбен кіріңіз.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.