Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/modules/show.full.php on line 294 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 77 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/12/118821/webspace/httpdocs/cjm.kz/engine/classes/templates.class.php on line 268  Правила приема учащихся в Аксуский колледж имени Жаяу Мусы на 2015 –2016 учебный год » Аксуский колледж имени Жаяу Мусы



 
 
 


Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне 2015–2016 оқу жылдарына оқушыларды оқуға қабылдау

Автор: Enix 16-10-2011, 00:28, қарап шықты: 3134, түсіндірмелер: 0

Правила приема учащихся в Аксуский колледж имени Жаяу Мусы на 2015 –2016 учебный год


Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне 2015 – 2016 оқу жылдарына оқушыларды оқуға қабылдау Қағидалары


Жалпы ережелер

1. Осы Қағида (бұдан әрі – Қағидалар) Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне 2015-2016 оқу жылына Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі заңына ( 2011 жылғы 24 қазанның енгізілген өзгерістерімен),Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау» үлгі қағидалары оқушыларды оқуға қабылдау тәртібін белгіледі.
2. Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне (бұдан әрі-оқу мекемесі) негізгі орта (негізгі жалпы), жалпыға бірдей орта (жалпы орта), техникалық және кәсіби (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары,шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурс негізінде тегін техникалық және кәсіптік білім беру Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында үнемі тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді алғаш рет алып тұрса ұсынылады.
Шетел азаматтарының конкурс негізінде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық келісім-шарттарымен анықталады.
3. Оқу мекемесіне оқуға түскен кезде «Білім туралы» Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы «Орта кәсіптік және жоғарғы кәсіптік білім беру ұйымдарына жекелеген санаттардағы адамдар үшін квота белгілеу туралы» №264 қаулысында айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді, оған:
1) I және II топтағы мүгедектер, тума мүгедектер, мүгедек-балалар- 1 пайыз;
2) соғыс мүгедектері, кепілдіктері мен жеңілдіктері бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілген адамдар – 0,5 пайыз;
3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандық бойынша ауылдық (селолық) жастарға – 30 пайыз;
4) Қазақстан Республикасы азаматтары болып саналмайтын, ұлты қазақ адамдар – 2 пайыз;
5) жетім-балалар және ата-ана қамқорлығысыз қалған балалар – 1 пайыз;
4. Техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік), жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар азаматтар оқытудың қысқартылған мерзімін қарастыратын кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуға қабылдана алады.
Осы санаттағы талапкерлер үшін қабылдау емтиханының пәндерін тапсыру түрі – емтихан.
Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау емтихандарын өткізу
5. Оқу мекемесінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 1-06/97 бұйрығына сәйкес, оқу мекемесінде азаматтардың оқуға түсу өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру, қабылдау емтихандарын өткізу және оқушылар құрамына тіркеу және қабылдау комиссиясы құрылған.
Оқуға қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
Күндізгі оқыту нысаны:
010101 3 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
010302 3 Дене тәрбиесі және спорт
040301 3 Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық
090104 3 Электр стансалары мен желілердің электр жабдықтары
090603 3 Жылу электр стансаларының жылу энергетикалық қондырғылары
051803 3 Есеп және аудит
130404 3 Электрондық есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру
050501 2 Тамақтандыруды ұйымдастыру
111404 2 Дәнекерлеу ісі

Сырттай оқыту нысаны:
010302 3 Дене тәрбиесі және спорт
010101 3 Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
040101 3 Кітапхана ісі
040301 3 Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық
051803 3 Есеп және аудит
090104 3 Электр стансалары мен желілердің электр жабдықтары
090603 3 Жылу электр стансаларының жылу энергетикалық қондырғылары
100221 3 Қара металл металлургиясы
6. Қабылдау ережесі туралы ақпараттар, сонымен қатар қабылдау комисиясының өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша шешімдері, қабылдау емтихандарын өткізу кестесі, олардың нәтижелері түсушілерге уақытында жеткізіліп отыру қажет.
7. Азаматтардың оқуға түсу өтініштері техникалық және кәсіптік білім алудың орта топтағы мамандар дайындауды қарастыратын білім беретін оқу бағдарламасы бойынша күндізгі оқыту нысанына 20 маусымнан 20 тамызға дейін; «Әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылық» мамандығы бойынша 20 маусымнан 20 шілдеге дейін; сырттай оқыту нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.
8. Оқу орнына оқуға түсу өтінішімен бірге түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086 У нысанды медициналық анықтаманы флюрография суретімен (I және II топтағы тума мүгедектер үшін – медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы), 3х4 мөлшеріндегі 4 фотосурет қоса тапсырады.
Талапкердің жеке басын айқындайтын құжаттарды өзі, ата- аналары немесе заңды өкілдері тапсыруы қажет.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
оралман - оралман куәлігі.
Оқыту нысандары бойынша және келісім-шарт (ақылы) негізінде түсушілердің өтініштері тіркеледі және жеке есепке алынады.
Кешенді тестілеу сертификатын (өткен жылдары бітіргендер, ағымдағы жылы жоғарғы оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуге қатысқандар) немесе ҰБТ нәтижесі туралы сертификатын (ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан ағымдағы жылы жалпы білім беру мектептерін бітірушілер) ұсынған азаматтар қабылдау емтиханынан босатылады және 13 – тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.
9. Орта топтағы мамандар дайындауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін қабылдау емтихандары :
- жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім алғандар мамандық саласына сәйкес болмағанда, үш пәннен (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық саласы бойынша пән);
- негізгі жалпы білім - жалпы білім беру негізіндегі оқу бағдарламасы көлемінде екі пәннен (қазақ немесе орыс тілі және мамандық саласы бойынша пән)
- мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;
- мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі
Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін қабылдау емтихандарының нысаны – тестілеу; негізгі жалпы білім – пәндер бойынша және тестілеу нысанында емтихандар
Оқу мекемесіне түсушілер емтиханды қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады.
Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.
Мамандық саласы бойынша пән Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес айқындалады:
Правила приема учащихся в Аксуский колледж имени Жаяу Мусы на 2015 –2016 учебный год
10. Техникалық және кәсіптік білімге түсушілірге орта тобы мамандарын дайындауға қаралған қабылдау емтихандары, азаматтар үшін: күдізгі оқыту нысанында 1 тамыздан 28 тамызға дейін, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылық» мамандығы бойынша арнайы емтихандар 21 шілдеден 28 шілдеге дейін; сырттай оқыту 1 тамыздан 25 қыркүйекке дейін өткізіледі.
Қабылдау емтихандарын өткізгенде:
1) тестік тапсырмалар (сұрақтар) әр пән бойынша 25 тестілік нысанда белгіленеді. Әрбір тестінің дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады. Үш пән бойынша тестілерге 2 сағат 15 минут, ал екі пәнге 1 сағат 30 минут беріледі. Тестілеу бойынша дұрыс жауаптар коды ілінеді. Тестілер нәтижесі өткізген күні хабарланады;
2) қабылдау емтихандарының нәтижесінде пәндер бойынша алған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы ұпайға өзгертіп, келесі шәкілде: «3» - 8 ұпайға, «4» - 17 ұпайға, «5» - 25 ұпайға алмастырады.
Азаматтар, арнайы немесе шығармашылық емтихандарын «қанағаттанарлықсыз» бағаға тапсырса немесе себепсіз емтиханға келмей қалса, келесі емтихандарды тапсыруға рұқсат берілмейді.
11. Біртұтас талаптарды қамту мақсатында және пәндер бойынша емтихан бағаларына таласты мәселелерді (сұрақтар) шешу, түсушілердің құқығын қорғаушы, колледждің 2015 жылы 25мамырдағы № 1-06/96 бұйрығына сәйкес апелляциялық комиссия құрылады.
Азамат, қабылдау емтиханы нәтижесіне келіспеушілік білдірген жағдайда, апелляция беруге құқығы бар.
Апелляция, қабылдау емтиханы нәтижесі хабарланғаннан кейін тәулік ішінде беріліп және апелляция комиссиясы арыз иесінің қатысуында қарап, шешім шығарады.
12. Тестілер және пәндер бойынша қабылдау емтиханын қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.


Оқушылар құрамына енгізу
13. Оқу мекемесіне азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтын өтініші бойынша іске асырылады. Конкурс шарты техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламасын кәсіби меңгерген және білімге ынталы азаматтардың құқықтық кепілдігі сақталады.
Азаматтарды оқу мекемесі оқушылары қатарына енгізу сайыстық негізде, күндізгі оқыту нысанына түсушелерді 25 тамыздан 30 тамызға дейін; сырттай оқыту нысанына түсушілер 15 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейін алынады.
Конкурсты өткізу:
- ҰБТ сертификат ұпайы негізінде;
- Қазақстан Республикасы ЖОО түсу үшін кешінді тестілеу нысанында өткізілген, қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша берілген сертификаттар ұпайы негізінде;
- оқу мекемесінің өткізген пәндер бойынша және тестілеу нысанында қабылдау нәтижесінен алған ұпайы (бағасы) негізінде.
Конкурсты өткізгенде осы Қағиданың 9 тармағына сәйкес, қабылдауға үш пәннен алған ұпайы, ҰБТ сертификатында көрсетілген немесе кешенді тестінің ұпайы ескеріліп қабылданады.
Оқушылар құрамына қабылдау, конкурста қажетті ұпай алмағандар:
- қатысуға жалпы негізгі білімі барлары үшін, екі пәннен алған бағалар ұпайы 20-дан кем, білім, экономика мамандықтары бойынша 25 балдан кем болса;
- жалпы орта білімділер үшін, үш пәннен алған бағалар ұпайы 30-дан кем, білім, экономика мамандықтары бойынша 35 балдан кем болған жағдайда, оқуға алынбайды.
14. Оқу мекемесіне алыну колледждің қабылдау комиссиясының ашық отырысында, жеке-жеке мамандықтар, кәсіптер бойынша қаралып шешіледі.
15. Қағидада реттелмеген мәселелер Ақсу Жаяу Мұса колледжінің қабылдау комиссиясы белгілейді.


Жауапты хатшысы А. Матаева

Санат: Приемная комиссия

Құрметті қатысушы, сіз сайтқа тіркелмеген пайдаланушы ретінде кірдіңіз.
Сізге тіркелуін ұсынамыз, немесе сайтқа өз атыңызбен кіріңіз.

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гость, не могут оставлять комментарии к данной публикации.