АҚСУ ҚАЛАСЫ
Жаяу Мұса атындағы колледжі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 10 қазандағы
№ 510 бұйрығымен

бекітілді

 

 

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1-тарау. Жалпы ережелер

  1. 1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 27 шілдедегі № 357 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15647 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

       Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

  1. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
  2. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі: белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі.

 

 

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

  1. 4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын (бұдан әрі – құжаттар топтамасы) толық ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
  2. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оларды орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 30 (отыз) минут ішінде қабылдайды және қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың жобасын дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 (үш) сағат ішінде құжаттар топтамасын қарайды және бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бұйрықтан үзінді көшірме дайындайды;

      5) Академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.

  1. 6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің құжаттар топтамасын қабылдауы және тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсыруы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша бұйрықтың жобасын дайындауы, деректердің дұрыстығын тексеруі және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсыруы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығының құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсыруы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін дайындауы;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімінің көрсетілетін қызметті алушыға бұйрықтың көшірмесін жолдауы.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

  1. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай бөлімшелер қатысады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы.

  1. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі құрылымдық бөлімшелер арасындағы мынадай рәсімдерден (іс-қимылдар) тұрады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар топтамасын 30 (отыз) минут ішінде қабылдайды және оны қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 3 (үш) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың жобасын дайындайды, деректердің дұрыстығын тексереді және оны қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 3 (үш) сағат ішінде құжаттар топтамасын қарайды және бұйрықты көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөліміне тапсырады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін бұйрықтан үзінді көшірме дайындайды;

      5) Академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін көрсетілетін қызметті берушінің оқу бөлімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.

       Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өтудің блок-схемасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелелік сипаттамасы осы регламенттің қосымшасында келтірілген.

"Білім беру ұйымдарында
білім алушыларға академиялық
демалыс беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне
қосымша

Әрбір рәсімнің ұзақтығын көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен)
өтудің блок-схемасы

 

 

 

Сайт талдаулары

  • 39
    Сегодня
  • 331
    Вчера
  • 1366
    Неделя
  • 3167
    Месяц
  • 5612
    За все время