Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji

Құрметті блогқа кірушілер! 

Осы Қағидамен Павлодар облысының мемлекеттік органдары басшыларының ресми блог-платформасының жұмыс тәртібі - Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары басшыларының Интернет - қызметтерді пайдаланушы Халықпен интерактивті қарым - қатынас нысандары анықталады. Блог иелері блог-платформада орналастырылған Павлодар облысы мемлекеттік органдарының басшылары болып табылады. Электрондық мекенжай бойынша орналасқан Блог-платформа: www.edupvl.gov.kz, қазақ және орыс тілдерін қолдайды. Сіздің сұрақтарыңызға жауап алуды тездету үшін, мәселенің мәнін нақты және қысқа баяндауды сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын, қала және аудан әкімдері, облыстық мемлекеттік органдар басшылары блогының материалдарынан жауап іздеген жөн. Сіздің сұрағыңызға жауап бар болуы мүмкін,және сіз қажетті ақпаратты оңай аласыз. Сауатты жазуыңызды өтінеміз. Мемлекеттік тілді және ұлтаралық қарым-қатынас тілін құрметтемеу, оның ережелері мен нормаларын елемеу көрінетін өтініштер мазмұнына қарамастан бұғатталады.

Модератор сұрақтардың жалпы мағынасын бұзбай, өтініш мәтіндерін редакциялау, анық қателер мен грамматикалық қателерді түзету құқығын өзіне қалдырады.

 

Өтініш жарияланбайды (жүргізілмейді), егер ол:

  • - мемлекеттік құпияларды, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтиды;
  • - есірткі және жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуды насихаттау элементтерін, алкогольді, темекі өнімдерін жарнамалауды, порнографиялық және сексуалдық-эротикалық сипаттағы ақпаратты қамтиды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттайды;
  • - қатерлер мен қорлау, жала жабу және субъективті сипаттағы теріс пікірлер мен талқылаудың басқа қатысушылары, нақты тұлғалар немесе ұйымдар туралы дұрыс емес мәліметтер бар, басқа этностар, конфессиялар өкілдерінің құқықтарына нұқсан келтіреді, кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзады, оларға кез келген нысанда зиян келтіреді;
  • - үшінші тұлғалардың жеке деректерін олардың келісімінсіз таратады;
  • - спам, жарнамалық ақпаратты қамтиды, коммерциялық мақсаттарды көздейді;
  • - кез келген қолданылатын құқық нормаларын бұзады;
  • - әдепсіз лексика және оның туындылары, сондай-ақ осы анықтамаға жататын лексикалық бірліктерді қолдануға арналған тұспалдар (әдепсіз лексика бар хабарлар автоматты түрде жойылады) болады.

Сізге бір сұрақ бойынша қайталанатын сұраулардан, сұралған сұрақтарға жауаптардың мазмұнын ұзын дәлелдермен және бағалаудан, басқа желілік ресурстарға, құжаттарға, суреттерге, бейне файлдарға түрлі қолданбалар мен сілтемелерді қолданудан бас тартуыңызды сұраймыз. Әйтпесе, бұл сұрақтар мен сілтемелер модератор арқылы жойылады. Блогтық алаңда түскен өтініштер авторлары туралы ақпарат қатаң құпия болып табылады.

Сайт талдаулары

  • 86
    Сегодня
  • 8
    Вчера
  • 703
    Неделя
  • 1860
    Месяц
  • 34042
    За все время