Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji

     
 

     Безымянный

Абраева Назира Мухитовна

энергетика бөлімінің меңгерушісі,

жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы

 
       
 

Безымянный1

Исаханова Жанар Газизовна

энергетика бөлімінің циклдік әдістемелік комиссиясының төрағасы,

жоғары санатты арнайы

пәндер оқытушысы

Безымянный2

Остринская Анастасия Николаевна

оқу бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы

 
     

Безымянный3

Боролис Надежда Леонидовна

жоғары санатты арнайы

пәндер оқытушысы

Безымянный4

Абдрахманова Жанаргуль Тохтаровна

екінші санатты арнайы

пәндер оқытушысы

Безымянный5

Сельханова Майра Нурмукановна

екінші санатты арнайы

пәндер оқытушысы

     

Безымянный6

Бульгенова Гульнур Кудайбергеновна

арнайы пәндер оқытушысы

Безымянный7

Есембеков Серик Бухарбекович

өндірістік оқытудың аға шебері

Безымянный8

Жексембаева Сауле Даултаевна

жоғары санатты математика оқытушысы

     

Безымянный9

Ахтанова Асия Сабитовна

екінші санатты информатика оқытушысы

Безымянный10

Каркенова Гулиман Серикбаевна

екінші санатты ағылшын тілі оқытушысы

Безымянный11

Байдилова Асель Ерлановна

ағылшын тілі оқытушысы

 

 

ЭНЕРГЕТИКА БӨЛІМІНІҢ МАМАНДЫҚТАРЫ
МАМАНДЫҚ: 0901000 «ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ МЕН ЖЕЛІЛЕРІНІҢ
ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫ (ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША

 

Біліктілігі:            Техник-электрик

Оқу мерзімі:          9 сынып негізінде  – 3 ж. 10 ай

11 сынып негізінде – 2 ж. 10 ай

Кәсіби қызметі: электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтарын техникалық пайдалануды басқару және ұйымдастыру, электр энергиясын өндіру және тасымалдау процесін технологиялық басқару және техникалық қызмет көрсету, электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтарын техникалық пайдалану, монтаждау, жөндеу және баптау

МАМАНДЫҚ: 0911000 «ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТРЛІ МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРДЫ
ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ»

Біліктілігі:              Электромеханик

Оқу мерзімі:          9 сынып негізінде  – 3 ж. 10 ай

11 сынып негізінде – 2 ж. 10 ай

Кәсіби қызметі: металлургия кәсіпорындарының электр және электромеханикалық жабдықтарын техникалық пайдалануды ұйымдастыру, металлургия кәсіпорындарының электр және электромеханикалық жабдықтарын жөндеу, электр өлшеу аспаптарын жөндеу және баптау, металлургия кәсіпорындарының электр қондырғыларын релелік қорғау және электр автоматикасы құралдарын жөндеу, электр жетек жүйелерін, металлургия кәсіпорындарын электрмен жабдықтау желілерін жобалау және конструкторлық өңдеу.

МАМАНДЫҚ:  1304000 «ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ (ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША)»

Біліктілігі: Техник-бағдарламашы

Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде-3 ж. 10 ай

Кәсіби қызмет: қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау жүргізеді, Интернет-технологияларды әзірлейді және енгізеді, өндірістік және экономикалық процестерді моделдейді, оларды шешу әдістері мен алынған деректерді талдау, бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды енгізеді және сүйемелдейді, бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді тестілейді, әзірлеудің барлық кезеңдерінде дұрыс технологияларды таңдайды.

 

БӨЛІМ ТУРАЛЫ

Энергетика бөлімі өз жұмысын 1997 жылы қаланың үш арнаулы орта оқу орындарын Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне біріктірген кезде бастады.Қазіргі уақытта энергетикалық бөлім үш мамандық бойынша мамандар дайындайды: - 0901000 «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары»; - 0911000 «Электр және электрлі механикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету  және  жөндеу»; - 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».

2007 жылдан бастап бөлімді Назира Мухитовна Абраева басқарады. Бөлімде өз жұмысында инновациялық педагогикалық технологияларды, оқытудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдаланатын жоғары білікті шығармашылық пікірлестер ұжымы еңбек етеді.

Бүгінгі күні Н.Л.Боролис, Т.Ю.Чернышова, Ж.Г. Исаханова, А.Н.Остринская, С.Д. Жексембаева,  Ж.Т.Абдрахманова, С.Б. Есимбеков студенттерге өз білімдері мен тәжірибелерін үйретуде. Тәжірибелі оқытушылармен қатар қазіргі уақытта бөлімде М.Н.Сельханова, А.С. Ахтанова, А.Е. Байдилова, Г. С. Каркенова сияқты жас оқытушылар да жұмыс істейді. Өзінің жұмыс істеген уақытында энергетикалық бөлім 2000-нан астам маман дайындады. Бөлімнің бірқатар түлектері Павлодар облысының энергетикалық кешенінің барлық бөлімшелерінде жетекші инженерлік және әкімшілік лауазымдарға ие. Олардың ішінде: Микушин Виталий Васильевич, 1996 жылдың түлегі, «Павлодарэнергосервис» ААҚ қосалқы станциялар қызметінің инженері болып жұмыс істейді; Айтенов Серик Толеубекович, 1991 жылдың түлегі – Ақсу ферроқорытпа зауытының электр цехының бастығы; Новиков Валерий Анатольевич, 1997 жылдың түлегі – «Ақсу ферроқорытпа зауытының» электр инженері; Радионов Сергей, 1998 жылдың түлегі, Батыс электр желілері кәсіпорнының СИЗПИ қызметінің инженері болып жұмыс істейді; Галиакбаров Сергей Аслямович – Ауыл шаруашылығы колледжінің жетекші оқытушысы, Алматы облысы Талғар қаласы; Крицкий Антон Валерьевич, «ЕЭК» АҚ электр жабдықтарын жөндеу цехының бастығы. Бөлімде оқу үдерісін сапалы қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған. Материалдық-техникалық база құрылды: қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған мамандандырылған зертханалар мен компьютерлік сыныптар бар.

2013 жылы ИДБ бағдарламасын жүзеге асыру аясында материалдық-техникалық база «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша техникалық қызмет көрсету және электр жабдықтарын жөндеу шеберханаларына және зертханаларға арналған қазіргі заманғы жабдықтармен толықтырылды.

           Электротехникалық  пәндер  мен  ақпараттық  технологиялар  пәндерінің  оқытушылары    Ж.Г. Исаханованың жетекшілігімен бір циклдік әдістемелік комиссияға біріктірілген. Бөлімшенің педагогикалық ұжымы қазіргі нарық жағдайында заманауи өндіріс пен озық технологияларды білетін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау міндетін алға қояды. Ол үшін бөлімде білім беру үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру және оқытудың қолданылатын әдістерінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Энергетикалық бөлімнің білім алушылары облыстық және халықаралық байқауларға белсенді қатысады.

 Безымянный12

2017 жылдың наурыз айында Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандығының оқушысы Е. Яровский «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша WorldSkills – Павлодар-2017 аймақтық чемпионатына қатысты. Білім алушы 1 орын алды.

 Безымянный13

2018 жылдың 3 сәуір күні WorldSkills аймақтық чемпионатында Жаяу Мұса атындағы колледждің «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығының үшінші курс студенті М.Жанибеков электр монтеріне қажетті ең үздік кәсіби дағдыларды көрсетіп, 1 орын алды.

 Безымянный14

2018 жылғы 29 наурызда Павлодар Бизнес-колледжі базасындаWeb-бағдарламалау құзіреті бойынша «WorldSkills-2018»  аймақтық чемпионаты өтті. Чемпионатқа ВТ-41 тобының студенті Макажанов Ильяс қатысып, 2- жүлделі орынға ие болды. Білім алушыны дайындаған арнайы пәндер оқытушысы А.Ж.Карибаева.

Сайт талдаулары

  • 86
    Сегодня
  • 8
    Вчера
  • 703
    Неделя
  • 1860
    Месяц
  • 10000
    За все время