Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji

 УчительГода2018

Боролис Надежда Леонидовна

2018 жылдың 2 қазанында Астана қаласында Мұғалімдер күнін мерекелеу қарсаңында «Үздік педагог» Республикалық байқауының жеңімпаздарына арналған мерекелік іс-шара өтті. «Үздік педагог - 2018» атағын иеленгендердің ішінде «Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі» ҚМКК оқытушысы Боролис Надежда Леонидовна ақшалай грант иегері атанды. Надежда Леонидовна 1983 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарында инженер-электрик мамандығы бойынша 15 жыл қызмет істеген. Надежда Леонидовна өзінің педагогикалық қызметін 1998 жылы Павлодар мемлекеттік университетінде және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде бастады. 2007 жылдан бастап Ақсу қаласының білім беру ұйымдарында: № 3 кәсіптік лицейде, № 19 кәсіптік лицейде, Жаяу Мұса атындағы колледжде өз қызметін жалғастырды. Боролис Н.Л. білім алушылары әртүрлі деңгейдегі байқауларда, олимпиадаларда,  деңгейін бағалауда жақсы нәтижелер көрсетіп отырады. Сонымен қатар,  «Кәсіпқор» Холдингі» «Оқыту мазмұнын модуль-құзыреттілік тәсілін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру технологияларын енгізу және жүзеге асыру» тақырыбымен оқытушылардың біліктіліктерін арттыру курстарында тренері болып келеді. 2018 жылы колледж студенті Жәнібеков Мәди «WorldScills Kazakhstan – Павлодар» облыстық байқауында 1-ші орынды иеленді. Шын жүректен Надежда Леонидовнаға сәттілік тілейміз.

 

 

 Безымянный123123   

                                       

«Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»

Әл Фараби

Ұлы жазушысы Әл Фараби бұл  жолдары білім беру саласының құрметті қызметкері, республикалық және халықаралық, аймақтық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен олимпиадалардың, байқаулардың жүлдегері - Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің бастауыш кәсіптік дайындық бөлімінің меңгерушісі, арнайы пәндер оқытушысы - Нагасинова Жанна Юрьевнаға арналғандай.

Жанна Юрьевна - оқытушылық тәжірибесі мол, білімді мұғалімдердің қатарынан және оқушыларды оқытуды жақсы көретін шығармашыл ұстаз.Мұндай адамдар жұмысына жан-тәнімен берілген. Жанна Юрьевнаның педагогикалық шеберлігін ешбір разрядтармен және біліктіліктермен бағалауға болмайды. Оны өте қабілетті және кемелденген ұстаз деп атауға болады. 

Тамаша педагог, өз ісінің шебері Жанна Юрьевна болашақ мамандарды сапалы дайындап қана қоймай, сондай-ақ өзін педагог, әдіскер, тәлімгер ретінде танытты.  2015-2017 жж. кезеңінде оның жетекшілігімен республикалық байқауларға 8 оқушы, аймақаралық конференцияларға 10, халықаралық конференциялар мен олимпиадаларға 5 оқушы, облыстық байқауларға 12 оқушыны қатыстырып, жоғары орындарға ие болды.

Ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлерін дайындағаны үшін Нагасинова Ж.Ю. ҚР БҒМ қосымша білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік орталығының, Астана қаласының менеджмент және бизнес колледжінің алғыс хаттарыменмарапатталды.

Жанна Юрьевна «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері» электронды оқу-әдістемелік құралының,  бейінді сынып оқушыларына арналған авторлық бағдарламаның, «Ақ жол», «Ұстаздар» газеттеріндегі (2014, 2015ж.), «Педагогика хабаршысы», «Әріптестер»журналдарындағы педагогикалық мақалалардың авторы болып табылады. Өзінің жеке сайтын құрды (2015ж.), онда өзінің оқу құралдарын жариялайды және әріптестерімен іс-тәжірибесімен бөлісуде.

ҚР БҒМ РҒӘО республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының (2015 ж.), «Формативті бағалаудың тиімді әдістері» республикалық вебинарының (2015 ж.), оқу әдебиетінің апробациясы бойынша республикалық семинардың Алматы қ.(2015 ж.), «Техникалық және кәсіптік білім беруге арналған үздік интерактивті сабақ - 2015», облыстық педагогикалық идеялар интернет-фестивалінің (2012, 2016ж.), халықаралық ХVI Сәтпаев оқулары ғылыми-тәжірибелік конференциясының (2016ж.), «Жаратылыстану-ғылыми білім және білім берудің өзекті мәселелері» халықаралық конференцияының,ПМПИ (2017ж.), «АКТ,бәсекеге қабілетті маманды дайындаудың факторы сияқты» аймақаралық ғылыми-тәжірибелік online-конференциясының, 2017ж. қатысушысы.

Педагогтың мақалалары конференция жинақтарында жарияланды. Оқытушыда  педагога-апробатор деген сертификат бар.

2015 ж. Жанна Юрьевна облыстық «Шебер Ұстаз» байқауының жеңімпазы, «Менің педагогикалық мамандығым» халықаралық байқауының 2015ж., «Жүрегімді балаларға беремін»халықаралық педагогикалық байқауының 3 дәрежелі лауреаты 2013ж., пән бойынша интернет-олимпиадалардың жүлдегері(2013, 2014ж.)  болды. Байқау жұмыстары «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік интерактивті сабағы» республикалық байқауына, педагогикалық ойлардың Интернет-фестивалі облыстық байқауына 2012ж., 2016ж ұсынылды.

Жанна Юрьевнаның еңбегі мен жетістіктері еленбей қалмады және білім басқармасының, ҚР білім және ғылым Министрлігінің алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен бағаланды.

 2017 жылдың 5 қазанында Астана қ. «Қазмедиа орталығы» технологиялық кешенінде Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрі Сагадиев Ерлан Кенжегалиевичтің қатысуымен еліміздің үздік педагогтарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Нагасинова Ж.Ю. «Үздік педагог – 2017» құрметті атағына ие болды.

Сайт талдаулары

  • 86
    Сегодня
  • 8
    Вчера
  • 703
    Неделя
  • 1860
    Месяц
  • 10000
    За все время