АҚСУ ҚАЛАСЫ
Жаяу Мұса атындағы колледжі

Кәсіподақ ұйымы барлық ұжымның  мүшелерін әр уақытта бірге жұмыс

істеуге жұмылдырады, күнделікті өмірде  әр мерекелерде, түрлі іс шараларда, байқауларға белсенді қатысады.Бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымы өз қызметкерлерінің құқықтарын әр істе қорғауға негіз бола алатын бірден бір ұйым.

КӘСІПОДАҚ- азаматтардың қоғамда өз еркімен қызығушылықтарын әр салада дамыта алатын әлеуметтік еңбекті қорғау мақсатында ұйымдастырылатын бірлестік деп те атауға болады.

Кәсіподақ ұйымының бізге берер мүмкіндіктері:

  • Еңбек қатынасын тұрақтандырады.
  • Ұжымдық шарттар бойынша басқарма  мекемелер арқылы

келісім жасау.

  • Шығармашылық кәсіби бағытта дамытуды қолдау.
  • Заңгер кеңесі.Сот қорғауы.Еңбек қорғау мамандарының кеңестері және келеңсіз жағдайлардың заңмен қорғалуы.
  • Қызметкерлермен олардың балаларының демаласын ұйымдастыру.
  • Мәдени іс шараларды жүргізу және ұйымдастыру.
  • Қызметкерлерге әлеуметтік жәрдем беру.

Кәсіподақ ұйымының міндеттері

  • Кәсіподақ ұйымының алғашқы жұмыс барысын жеделдету кәсіподақ мүшелерінің қызығушылығын тудыру,қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу белсенділігін арттыру.
  • Әлеуметтік жағдайды жақсартудың көздеу.
  • Кәсіподақ мүшелермен өткізілетін іс шаралардағы іскерлік қабілеттілігін дамыту.
  • Кәсіби ынтымақтастықты дамыту және бекіту.

Білім және ғылым кәсіподақ қызметкерлірінің нормативтік құқықтық құжаттары:

  • ҚР Конституциялары
  • Кәсіподақ туралы ҚР заңдары

(11.07.2017ж өзгертулермен толықтыруларға байланысты.)

  • ҚР Еңбек кодексі
  • 2018-2020 ҚМҚК Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің еңбек ұжымы және әкімшілік арасында әлеуметтік экономика және еңбек қатынастары бойынша ұжымдық келісім шартты қалыптастыру.

Басшымен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік серіктестіктің негізгі қағидалары.

  • Тараптардың теңдігі
  • Тараптардың мүделерін құрметтеу және қарау
  • Тараптардың келісім шарттық қатынастарға қызығушылығы
  • Тараптардың және олардың өкілі еңбек заңнамасымен еңбек нормасымен,нормаларын қамтитын басқа да нормативтік актілерге сәйкес мүделерін қамтиды.
  • Тараптардың міндеттемелерді өз еркімен қабылдау
  • Ұжымдық шартпен келісімдерді орындау міндеттемесі
  • Тараптардың, олардың өкілдерінің, ұжымдық шарттың келісімдердің талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілігін арттыру.

ҚМҚК Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің кәсіподақ комитетінің төрағасы-Хайбулина Нурия Зарвановна

Сайт талдаулары

  • 0
    Сегодня
  • 24
    Вчера
  • 467
    Неделя
  • 5389
    Месяц
  • 5612
    За все время