АҚСУ ҚАЛАСЫ
Жаяу Мұса атындағы колледжі

Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінде жүзеге асырылатын әлеуметтік серіктестік жүйесі оқу орнын дамыту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің колледжде әлеуметтік серіктестік келесі бағыттар бойынша дамуда:

- оқу үрдісінің мазмұны мен ұйымдастырылуын жетілдіру, колледждің даму стратегиясын қалыптастыруға әлеуметтік әріптестерді тарту арқылы білім сапасын бақылау, оқу-бағдарламалық құжаттарды рецензиялау, мемлекеттік аттестаттау комиссияларындағы жұмыс;

- оқушыларды тәжірибелік оқыту үшін әлеуметтік серіктестердің қазіргі заманғы технологиялық базаны ұсынуы;

- түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал етуді ұйымдастыру;

- мамандарды даярлау туралы шарттарды жасау және іске асыру;

-тиісті өндіріс салаларында кәсіби қызмет тәжірибесі бар мамандарды колледжде оқытуға тарту;

-оқу процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мекемені дамыту үшін жұмыс берушілердің қосымша қаржы қаражатын тарту, білім беру процесін жетілдіру, оқу ақысын төлеу және т. б . ;

- кәсіпорындар үшін мамандар даярлау;

- колледждің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.

Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестері «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ; «Қазхром «ТҰК» Ақсу ферроқорытпа зауыты АҚ филиалы; «Ақсу қаласының білім бөлімі» ММ; «Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапханасы» ММ; «Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ; «Ақсу қаласының балалар шығармашылығы үйі» МКҚК; «Ақсу қаласының Мәдениет сарайы» МКҚК; «Ақсу су арнасы» МКК және басқа да мекемелер мен ұйымдар болып табылады.

Үш жылдағы әлеуметтік әріптестікті дамыту мониторингі

 

2015-2016 ж.

2016-2017ж              

2017-2018 ж

2018 ж. 01.02

Ынтымақтастық туралы жасалған шарттардың саны

165

146

100

Оның ішінде дуалды білім беру аясында

5

9

16

Оқу орындарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көмек көрсетілді, мың теңге

4000

10600

 

Компания қаражаты есебінен оқуға көмек көрсетілді:

адам

бөлінген қаражат сомасы, мың теңге

7

840

6

860

2

340

ТжКБ оқу орындарының білім алушыларына шәкіртақы берілді:

адам

бөлінген қаражат сомасы, мың теңге

1

244

1

244

1

244

Кәсіпорында тағылымдамадан өткен ТжКБ оқу орындары оқытушыларының саны, адам

4

4

4

Кәсіпорында тәжірибеден өткен білім алушылар саны, адам

526

556

550

түлектер, адам

247

271

238

Жұмысқа орналастыру, адам

%

181

73

205

75,6

 

Жұмыспен қамту

100%

100%

 

Төрт жыл ішінде Ақсу колледжінің әлеуметтік әріптестігінің даму мониторингін талдау дуалды оқыту шеңберіндегі шарттар саны, гранттар саны, колледждің материалдық-техникалық жабдықталуына жәрдемдесу, компания қаражаты есебінен оқуға жәрдемдесу; колледж оқушыларына шәкіртақы тағайындалды; өндірісте тәжірибеден өткен оқушылар саны артты. Колледж түлектерінің жұмыспен қамтылуы жыл сайын 100% құрайды.

Сайт талдаулары

  • 0
    Сегодня
  • 24
    Вчера
  • 467
    Неделя
  • 5389
    Месяц
  • 5612
    За все время