Қабылдау бөлімі: +7 (71837) 5-06-72 Ақсу қ., Астаны көшесі, 1 +7 (775) 168-36-59

Гуманитарлық бөлімнің онкүндігі өз бастауын алды!

2026 жылғы 24 қарашада Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде білім мен шығармашылықты, кәсіби даму мен жаңа идеяларды ұштастыратын Гуманитарлық бөлімнің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.

Мерекелік іс-шара барысында гуманитарлық бөлімнің бірінші курс студенттері ұлттық аспабымыз – домбырада әсем күй орындап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ұлттық өнеріміз дәріптеліп, студенттердің шығармашылық қабілеттері көрініс тапты.

Қатысушыларға онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар бағдарламасы таныстырылып, алдағы уақытта өтетін байқаулар, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық кездесулер туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, ерекше қызығушылық тудырған нейрогимнастикалық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі тапсырмаларды орындау арқылы зейінін, есте сақтау қабілетін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жаттықтырып, ойлау белсенділігін арттырды.

Онкүндіктің ашылуы жағымды әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен шабыт сыйлады.

Алда бізді көптеген қызықты іс-шаралар, тың идеялар, жарқын жаңалықтар мен кәсіби жетістіктер күтіп тұр!

View this post on Instagram

A post shared by Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі (@aqsycollege)