Қабылдау бөлімі: +7 (71837) 5-06-72 Ақсу қ., Астаны көшесі, 1 +7 (775) 168-36-59

Студенттер қатарына қабылдау — 2026!

19 қараша күні колледжде студенттік өмірдегі ең жарқын әрі толғанысты оқиғалардың бірі – бірінші курс студенттерін студенттер қатарына қабылдаудың салтанатты рәсімі өтті!

Бұл күн жас білім алушылар үшін жаңа кезеңнің, тың жаңалықтардың, қызықты кездесулердің және таңдаған мамандықтарына бастар алғашқы қадамдардың символына айналды.

Мерекенің басты ерекшелігі – 12 оқу тобы студенттерінің шығармашылық өнер көрсетуі болды. Жастар өздерінің болашақ мамандықтарын мақтанышпен таныстырып, кім болуды армандайтындарын және алдағы кәсіби жолдары туралы әңгімеледі.

Колледж басшысы К.Т. Смағұлов бірінші курс студенттеріне жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ Студенттік парламент президенті Владислав Гагушкин жас студенттерді құттықтап, жарқын студенттік өмір, адал достар, оқуда табыс және алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық тіледі.

Салтанатты шараның ерекше сәттерінің бірі – алып студенттік билетке қол қою рәсімі болды. Залдың зор қошеметімен Қайрат Теміржанұлы студенттік билетке қол қойып, бірінші курс студенттеріне үлкен студенттік өмірдің есігін ашқандай әсер қалдырды.

View this post on Instagram

A post shared by Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі (@aqsycollege)