Міне, мен үнемі осылай деп ұрандаймын. Себебі, шыныменде ерікті болу ерлік іс.
Мықты данышпан Дени Дидро «Басқаға қуаныш сыйлай білген жан – ең бақытты жан» — деп жөп басып айтқан екен. Сондықтан да, мен үшін волонтердің рөлі ерекше маңызды.
Яғни, ол дегеніміз, риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, төрт қабырға ішіне қамалып, тағдырына налып отыратын мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу. Одан бөлек, тағдырдың тәлкегінен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше оған сүйеу бола білу деген сөз. Міне, осындай іс екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Ал, өзім жайлы қысқаша айтар болсам, мамандығым – тәрбиеші. Өзгелерге тәлім-тәрбие бере білу де өнер. Сондықтан болар, мен еріктілік істі өз мамандығыммен байланыстырамын.
Жалпы айтарым, мен кім болсам да, немен айналыссам да бұл өмірде адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттерді алға қоямын. Менің аты айтып тұрғандай тәрбиешілік мамандығымда да осы қасиеттердің бірі бар деп санаймын.
Айтпақшы, жақында еріктілік еңбегім еленіп, «Алғыс хатпен» марапатталдым. Бұл да азда болса еңбегімнің еленгені деп білемін.
Жалпы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында барымды аямай, еңбек етемін деп серт беремін.
Әйгерім МАМАНОВА, тәрбиеші әрі ерікті