2025 – жұмысшы мамандықтарының жылы

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі ел Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында ауқымды стратегия әзірледі.

Міне, 2025 жылға жоспарланған ең маңызды оқиғалардың кейбірі:

🔵2025 жылы «Жаңа мамандықтар атласы» жобасын жүзеге асыру жалғасады.

🔵 Мектеп оқушылары үшін Ақсу қаласындағы ірі кәсіпорындарға экскурсиялар ұйымдастырылуда

🔵 Ақсу қаласының жоғары сынып оқушылары   біздің колледж базасындағы алғашқы жұмысшы мамандығына ие болады

🔵 Junior Skills кәсіби шеберлік байқауы келесі құзыреттер бойынша өтеді: Хореография және слесарь

🔵 Колледжде бизнес өкілдерінің қатысуымен ашық есік күндері мен бос жұмыс орындар жәрмеңкелері өтеді

🔵 Біздің студенттер жұмысшы мамандықтары жылына арналған түркітілдес елдердің өкілдерімен кәсіби шеберлік чемпионатына қатысуға аттанады

🔵Колледжіміздің қабырғасында 8 құзырет бойынша облыстық World Skills чемпионаты аясында студенттер мен кәсіпорындардың жас мамандары арасында кәсіби шеберлік сайыстары өтеді

🔵Жыл бойы бірқатар меморандумға қол қою арқылы шетелдік колледждермен халықаралық серіктестікті дамытамыз.

🔵 Біз ERG есебінен материалдық-техникалық базаны жаңартуды және нығайтуды жоспарлап отырмыз

🔵 Жұмыс күші көп аймақтарда «Серпін» бағдарламасы аясында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасады.

🔵Кадрларды мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша, яғни кәсіпорындар өтінім берген мамандықтар бойынша дайындаймыз.

🔵Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері үшін еліміздегі және шетелдегі кәсіпорындарда жаңа тағылымдамалар жоспарлануда.

🔵Дуальды оқытумен 150-ден астам оқушы қамтылады

🔵 Колледжде Инновация және кәсіпкерлік орталығы ашылады

🔵Оқушыларымыз «ТОП-100 студент» байқауына қатысады.

🔵Оқу орнында «Жұмысшы мамандықтары» аллеясы ашылады

🔵Колледжде жұмыс берушілердің қатысуымен «Менің отбасым әулеті» ток-шоуы өтеді.

🔵50 адамға дейін маусымдық жұмысқа орналастыруды ұйымдастырумен «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары белсенді жұмыс істейді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji