Сұрақ:Сіздің колледжге оқуға түсу кезінде қандай қабылдау квотасы қарастырылған?

Жауап:Оқу орнына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағында, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысымен айқындалған тұлғалар үшін қабылдау квотасы көзделеді:оқу орнына оқуға түсу кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 26-бабының, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 қаулысына сәйкес:1) І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар қатарындағы азаматтар үшін-1 пайыз;2) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз; 3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға-30 пайыз;  4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 пайыз;5) жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1 пайыз;6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы азаматтар-10 пайыз.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji