Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің инженерімен кездесу (ВИДЕО)

4 қыркүйекте біздің студенттер бірегей мүмкіндікке ие болды — олар Ақсу қаласы ТЖ бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Алихан Бауржанович Тапаловпен кездесті.

Алихан Бауржанович студенттерге өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету ережелері туралы айтып берді.

Студенттерге ерекше әсер еткен бөлігі – практикалық сабақ болды. «БӘТД» пәнінің оқытушысы Сағындық Магзумович Әбелдинов қонағымызбен бірге студенттерге жалпы әскери қорғаныс жинағын (ЖҚЖ) қалай дұрыс кию керектігін және қандай жағдайда қолданылатынын көрсетті.

Сабақ соңында студенттер өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар алды — енді әрқайсысында төтенше жағдайда қажет болатын пайдалы ақпарат бар.

Айта кетейік, бұл іс-шара 3 қыркүйектен бастап өңірдің оқу орындарында өтіп жатқан Қауіпсіздік апталығы аясында ұйымдастырылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji