Бүгін колледжіміздің оқытушылары №4 мектепке барып, жоғары сынып оқушыларымен болашақ туралы әңгімелесті.

Колледжде қандай мамандықтар бойынша білім берілетіні, оқуға қабылдау қалай өтетіні және оқу қандай мүмкіндіктер ашатыны туралы айтып берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар мен оқу шарттарына қызығушылық танытты, ең бастысы — мектептен кейін өздеріне қандай жолдар ашылатынын нақты түсінді.
