Бүгін біздің педагогтеріміз кәсіби бағдар беру мақсатында Ақсу қаласының ауылдық мектептерінде болды.

Оқушылармен кездесулер өткізіп, колледжіміз туралы, оқу шарттары мен жатақханада тұру мүмкіндіктері, қабылдау ережелері және оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасу жолдары жөнінде ақпарат берді. Сұрақтарға жауап беріп, болашақ мүмкіндіктерді талқылап, ақпараттық буклеттер таратты.

Мұндай кездесулер оқушыларға мамандық таңдауда дұрыс бағыт алуға және алдағы қадамдарын алдын ала жоспарлауға көмектеседі.
