Біздің туған қаламызда жиырма жыл бойы тарихи-өлкетану мұражайы жұмыс істейді (Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі). Дәл осы жерде сіз кіші Отан тарихының беттерін «парақтай» аласыз.
Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттеріне арналған «Ақсу – кеше, бүгін, ертең» атты Ақсу қаласының 60 жылдығына орай Zoom платформасында виртуалды саяхат ұйымдастырылды.
Ақсу тарихи-өлкетану музейінің басшысы Акшулакова Гульжанар Наскеновна саяхат барысында қаланың тарихы мен еңбек сіңірген қайраткерлері туралы, бұрыңғы атауы және оның жетістіктері жайлы сөз қозғады.
Студенттер өз кезегінде қызығушылық танытып, бірнеше сұрақтар қойды және өз тілектерін жеткізді. Музей ұжымына және басшысына алғыстарын білдіріп, болашақта гүлдене берулерін, еңбектері бағалана беруін тіледі.