JuniorSkills байқауы Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «WorldSkillsPavlodar-2023» өңірлік чемпионаты аясында өтті.
Қатысушылар екі қызықты модульді жеңу тапсырылды: «Сake to go» трендті десертін — станкачикте құлпынай сиропы мен үлпілдек ірімшік кремі қосылған нәзік «губка» тортын әзірлеу және печенье үгіндісі мен қоюландырылған сүттен классикалық «картоп» тортын дайындау.
⠀
Жас кондитерлердің тәлімгері өндірістік оқыту шебері Зиньфира Абдрахманова болды.
Сарапшылар рөлінде колледждердің әлеуметтік серіктес кәсіпорындарының өкілдері және осы балалардың болашақ жұмыс берушілері Бақыт Серібаева («Service» ЖШС) және Людмила Алексеева («Рандеву»мейрамханасы) болды.
⠀
Қазылар алқасы әр сайыскердің жұмысын: кондитерлік өнімдердің дәмі мен сыртқы түрінен бастап, жұмыс орнындағы тәртіпке дейін мұқият бағалады.
⠀
Нәтижесінде бірінші орынды №1 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы Жансая Бажен иеленді. Екіншісі Мансұр Амангелдиновқа, үшіншісі №8 мектептен келген Снежана Семикинаға берілді.
⠀
Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздары дипломдармен, сертификаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Ең қызықты факт — барлық сайыскерлер — біздің ҚІЖК — де оқитын балалар», — дейді колледж басшысы Алма Айтуарова. — Біз бұл оқу-тәжірибелік комбинатты 1 наурыздан бастап «тамақтандыруды ұйымдастыру»бағыты бойынша аштық. Яғни, тоғызыншы сынып оқушыларына осындай керемет дәмді десерттер жасауды үйрену үшін бір ай ғана уақыт қажет болды. Бұл – керемет нәтиже. Осы балалардың барлығын біз «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша колледжімізге «Кондитер» және «Аспаз» екі біліктілігі бойынша оқуға шақырдық, сондай-ақ, олар әрі қарай «Service» ЖШС-не жұмысқа орналастырамыз.
Алма Ермекқызы атап өткендей, JuniorSkills — болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін бағалау сатыларының бірі. Сонымен қатар, чемпионаттың мақсаттарының бірі — оқушыларға өмірде өз кәсібін таңдауға көмектесу.