Ж.Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Жаттығуға Ақсу қаласы гарнизонының өртке қарсы қызмет бөлімшелері, колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ қаланың шұғыл қызметтері қатысты.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелерінің білім беру объектілеріндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру, колледж қызметкерлерімен және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ эвакуациялау және өртті сөндіру дағдыларын жетілдіру.
Тактикалық жоспарға сәйкес, өрт іс-шараны өткізу кезінде мәжіліс залында орын алды. Оқушылар дотшашуды пайдаланған нәтижесінде, жиһаз өртенді. Студенттер арасында қатты қобалжу туындағандықтан өртті сөндіру мүмкін болмады. Оқытушылар өртті алғашқы сөндіру құралдарымен оқшаулауға тырысты, бірақ студенттер арасындағы дүрбелең өртті айтарлықтай аумаққа таратты.
Колледж қызметкерлері эвакуацияны жедел ұйымдастырды, электр қуатын өшірді және өрт сөндіру бөлімдерін шақырды. Келген бөлімшелер барлау жүргізіп, өртті сөндіруге және қауіп төнген студенттерді құтқаруға кірісті. Шартты өртті жою үшін қол өрт оқпандары, сондай-ақ өрт гидранттарынан су беру тартылды.
Оқу-жаттығулар өрт сөндіру бөлімшелерін даярлаудың жоғары дәрежесін және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің үйлесімді жұмысын көрсетті. Колледждің жеке құрамы эвакуациялау алгоритмін, ал өрт сөндірушілер оқу орындарында күрделі өрттерді сөндіру тактикасын ойдағыдай пысықтады.