Қалалық кросс

Бүгін қала төрінде жеңіл атлетика мерекесіне айналған дәстүрлі қалалық кросс өтті.

Жарыс жолына шыққан жүйріктер өздерінің қайраты мен шеберлігін көрсетіп, мықтылардың мықтысы ғана мәреге озып жетті. Солардың қатарында біздің колледждің де спортқа жаны құмар, алға ұмтылған жастары бар еді.

Қорытындысында жүлдегерлер сапынан студенттеріміз де орын алды:

🥇 Каверина Виктория, Ф-323 тобы – мәреге бірінші жетіп, жеңіс тұғырының биігіне көтерілді.

🥈 Алланепесова Оксана, Б-224 тобы – екінші орын иегері атанды.

🥉 Байзол Ерасыл, Ф-422 тобы – үшінші орынды иеленіп, колледж абыройын асқақтатты.

Бұл жеңіс – олардың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Қанаттарың талмасын, асыл жастар! Жаңа биіктерге, жаңа табыстарға жете беріңіздер!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji