Қалалық «Тәуелсіз» КВН лигасында Ақсу өңірінің үздік әзілкештері бақ сынады.
Колледждің сахнасында бес команда кездесті. Олардың екеуі – «Алхимиктер» және «ТНБ» біздің колледжді таныстырды.
Жігіттер «Мен спортшы болсам, биатлон кезеңін жеңу» тақырыбында креативті таныстыру көрсетіп, «Рок стилірдегі комедия» дауыстық байқауында өздерінің тапқырлықтарын көрсету керек болды.
🥇Нәтижесінде капитан Азамат Дайыровтың жетекшілігімен Ақсу ферроқорытпа зауытының «Ферромен» командасы бірінші орынды иеленді.
Екінші және үшінші орындарды Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің командалары жеңіп алды.
🥈Екінші орынды капитан Айтуар Тоқанмен бірге «Алхимиктер» командасы,
🥉үшінші орынды Богдан Сердюковтың жетекшілігімен ТНБ командасы иеленді.
Сондай-ақ, жеке номинациялар бойынша Ақсу қара металлургия колледжінің «Жігіт сөзі» және «Соңғы емес» командалары марапатталды.
🎉Әзілкештерімізді қалалық лигадағы тамаша өнерлерімен және құрметті жүлделерімен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жеңістер тілейміз!🎉