“AMANAT” партиясындағы марапаттау рәсімі

Үш мерекенің қарсаңында: Алғыс айту күні, “AMANAT” партиясының туған күні және Ассамблеяның құрылған күніне орай өңіріміздің үздік өкілдері құрметке ие болды.

Мәдениет, білім, медицина салалары, құқыққорғау органдарының қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, өңірдің белсенді жастары “AMANAT” партиясының облыстық филиалында лайықты марапаттарға ие болды.

Марапатталғандар арасында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері Еврар Шан, Христина Шеляг және Алена Карпенколар болды.

Қыздар мемлекеттік тілде өздері туралы әсерлі видеороликтер дайындады. Біздің студенттердің жұмыстары Алғыс айту күніне арналған байқауда жоғары бағаға ие болды.

Олар жалпыұлттық бірегейлікті нығайту, елдегі ұлтаралық бейбітшілікті сақтау жөніндегі бейнероликтері  үшін алғыс хаттармен марапатталды.

“Сіздердің азаматтық ұстанымдарыңыз, “AMANAT” партиясының іс-шаралары мен жобаларына белсенді қатысуларыңыз, мәдениет пен тілді дамыту бағытындағы жұмыстарыңыз және этностар дәстүрлерін насихаттау көпшілікке үлгі болып табылады”, — делінген алғыс хат мәтінінде.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji