«Ар-намыс және қадір-қасиет» пікірсайыс турнирі

«Ар-намыс және қадір-қасиет» этикалық түсініктеріне арналған «Ар-намыс кодексі» пікірсайыс турнирі бір демде өтті.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «АҚИҚАТ» пікірсайыс клубының студенттері адамның адамгершілік құндылықтары, өз әрекеттеріне саналы және жауапкершілікпен қарау туралы өз ұстанымдарын білдірді.

Ойын барысында әрбір команда өз көзқарасын сенімді қорғап, тарихи фактілерге сүйене отырып, жеке білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Ойынның қорытындысы бойынша пікірсайыс жеңімпаздары анықталды.

Айта кету керек, пікірталас тақырыбы әр адам үшін, біздің қоғам мен жалпы еліміз үшін өте маңызды.

Пікірсайыс Карл Поппер форматында өтті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji