«АР-НАМЫСТЫ АРҚАЛАҒАН РУХТЫ БАТЫР БАУЫРЖАН» ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

Биыл аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толды.

Батылдық, адалдық және табандылық қасиеттер Бауыржан Момышұлын Халық қаһарманы етті. Оның тұлғасынан жоғары патриоттық рух, шешім қабылдаудағы сенімділік, тәртіп, даналық пен парасаттылық қасиеттері де табылады.

Онлайн-дәріс барысында жастар полк командирінің батырлық әрекеттері мен өмірлік қағидаларын еске түсірді.

Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен».

Осылайша осы ойы арқылы жастардың бойындағы сенімнің маңыздылығын, сонымен қатар өзіне әрі ата-анасының тәрбиесіне берік адам ешқашан арсыздыққа бармайтындығын меңзейді.

Ұлтжандылық пен батырдың ана тілге деген құрметі ерекше назар аудартады. Ол: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды ұмыту», – деген.

Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген.

«Адалдық сағатының» ұйымдастырушылары аталған құндылықтарды жастардың бойына сіңіру арқылы адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттер жоғары бағаланатын, жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji