Арт-терапия – жанға қуаныш әкелетін шығармашылық

2025 жылғы 26 мамыр күні Жаяу Мұса атындағы көпсалалы колледжде педагогтерге арналған «Арт-терапия – жанға қуаныш әкелетін шығармашылық» атты тренинг өткізілді.

Тренингті педагог Сарсенбаева Ақмарал ұйымдастырып, шығармашылық жұмыстар арқылы эмоционалдық қолдауға, өзін-өзі тануға және кәсіби күйзеліспен күресуге арналған тиімді әдістерді ұсынды.

Тренинг барысында:
🎨Сурет салу терапиясы – ішкі жан дүниені бейнелеу және релаксация;
🪁Лабиринт ойыны – командалық қарым-қатынасты нығайту;
👶🏻«Мен де бала болғанмын» жаттығуы – пластилинмен жұмыс арқылы балалық естеліктерге оралу жүзеге асты.

Қатысушылар өз сезімдерімен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін меңгеріп, жағымды эмоцияға бөленді.

Тренинг ұжымды біріктіруге, шығармашылық белсенділікті арттыруға және педагогтердің психологиялық әл-ауқатын жақсартуға ықпал етті.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji