Қарттар мен мүгедектер үйіндегі отбасы күні (ВИДЕО)

Отбасы күні аясында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің «ЖҮРЕК» еріктілері Қарттар мен мүгедектер үйіне жүрек жылуын ала барды.

Колледжде алдын ала жазылған әр хат белгілі бір жанға арналды. Ізгі тілекке, алғыс пен сенімге толы жолдар қағазға емес, жүректен төгілді.

Хаттар оқылғанда қарттардың жүзін қуаныш нұры шарпып, кейбірінің жанарынан жас парлады. Бұл – олардың жанында қамқорлыққа толы жүректер бар екенінің белгісі еді.

Барлық хаттар оқылып біткен соң, екі буын – үлкендер мен жастар – шынайы әңгімеде тоғысты. Жылы жүздесу ұрпақтар сабақтастығы мен өзара сыйластықтың айқын үлгісіне айналды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji