Қарттар мен мүгедектер үйіндегі жаңа жыл (ВИДЕО)

Жаңа жыл қарсаңында Жаяу Муса атындағы АЖКК «ЖҮРЕК» клубының еріктілері Қарттар мен мүгедектер үйінде шынайы мереке ұйымдастырды.

Студенттер қарттармен бірге жаңа жыл әндерін орындап, жұмбақтардың жауабын табуға белсенді қатысты, командалық ойындарда қызыға жарысты. Күлкі мен қуаныш залды нағыз қысқы ертегідей толтырды.

Бұл кездесу тек мереке ғана емес, әрбір сәті жылы жүрекпен, қамқорлықпен және достықпен өрілген ерекше кездесу болды. Фотосуреттер мен кішкентай сыйлықтар есте қалса да, ең бастысы – әрбір қатысушының жүрегіндегі жылылық пен шаттық.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji