Гуманитарлық бөлім ЦӘК пән айлығының тізбегі тағы бір ашық сабақпен толықтырылды.
2025 жылдың 13 ақпаны күні арнайы пән оқытушысы Кусманова Самал Ерлановна Дош-322 тобында «Түзету педагогикасы» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақ білім алушылардың бір-біріне жылы лебіздерін білдірумен басталды.
Самал Ерлановна өзінің тәжірибесінде тұрақты түрде қолданатын жаңа ақпараттық технологияларды өз сабағында шебер қолданды.
Жасанды интеллект және Wordwall, Classroomscreen, Learning Apps платформалары арқылы құрастырылған тапсырммаларды білім алушылар ерекше қызығушылықпен орындады.
Ашық сабақ барысында жүргізілген «Нейробика» сергіту сәті білім алушылар мен келген қонақтар үшін өте қызықты болды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Білім алушылар білімдерін жан-жақты көрсете білді.