Гуманитарлық бөлім ЦӘК пән айлығы шеңберінде өтіп жатқан іс-шаралардың бір түрі ашық сабақтар. 2025 жылдың 10 ақпаны күні педагогика және психология оқытушысы Аханова Гүлмира Дубековна 4 курс білім алушыларымен Этнопедагогика пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты – ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту болып табылады.
Сабақ барысында білім алушылар халық тәрбиесінің факторлары: сөз, қарым-қатынас, еңбек, дәстүр, өнері жайлы білімдерін көрсетіп, «Қыз ұзату», «Тұсаукесер», «Ұршық иіру» салт-дәстүрлерден көріністер көрсетті.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды балабақшаның оқу-тәрбие ісіне қолдану мүмкіндіктері де аса шеберлікпен орындалды. Білім алушылар салт-дәстүрлердің элементтерін дидактикалық ойындармен байланыстыра білді.
Ашық сабақ білім алушылар мен келген қонақтар үшін қызықты әрі мазмұнды болды.