Ашық сабақ

20 мамырында Жас педагог мектебі аясында ағылшын тілі оқытушысы Иглымхан Серахмет Салтанатұлы «Place I would like to Visit» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақтың алғашқы сәттерінен бастап оқытушы белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып, студенттерді жаңа тақырыпқа бағыттай білді.

Жаңа тақырыпқа кіріспе интерактивті «Мені тап» ойыны арқылы жүзеге асырылды, оның барысында студенттер ұсынылған суреттерді пайдалана отырып, қай ел екенін анықтап, тиісті жалаушаны таңдады.

Бұл студенттерге сабақтың бастапқы кезеңінде жұмысқа қызығушылықпен қосылуға мүмкіндік берді.

Студенттердің ауызша сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аударылды. Студенттермен жұптық, топтық жұмыс түрлері жүргізілді, өздері армандаған саяхат туралы шағын презентациялар әзірлеп, барғысы келетін елдерді, көлік түрлерін және орындарды сипаттады.

Иглымхан Серахмет Салтанатұлы өзін сенімді және сауатты жас педагог ретінде көрсете білді. Ол сабақта жағымды атмосфера құра отырып, кері байланысты белсенді түрде жүргізді.

Сабақ барысында алға қойған барлық мақсаттарға сәтті қол жеткізді. Сабақ студенттерге де, сабаққа қатысқан педагогтерге де жағымды әсер қалдырды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji