АТА-АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

«Кәмелетке толмағандардың тәуелді мінез-құлқының алдын алудағы отбасының рөлі» атты жалпыколледждік ата-аналар жиналысы ZOOM платформасында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі студенттерінің заңды өкілдерін жинады.

Ата-аналар қауымына суицидтік мінез-құлық пен кәмелетке толмағандардың тұрмыстық зорлық-зомбылығының алдын-алу, ата-ана міндеттерін орындамаудың себептері мен салдары туралы материалдар ұсынылды.

Спикерлер ретінде Павлодар қаласы Психикалық денсаулық орталығының психологы С.Г.Шиман, Ақсу қаласы ПБ ЖПҚБ ҚЮП аға учаскелік инспекторы, полиция майоры А.К.Калиақбарова және колледж психологы Л.Б.Жунусова сөз сөйледі.

Психологтар балалардың ата-аналарына сенуі, олармен құпияларды бөлісуі, олардың алаңдаушылықтары, күмәндері, қорқыныштары туралы айтуы үшін не істеу керектігі туралы айтты. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігінің құқықтық аспектілерін полиция майоры айтты.

Барлық сөз сөйлеушілер өздерінің кәсіби құзыреті шеңберінде ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji