Атамекен кентіндегі кездесулер

2025 жылғы 03 наурызда Атамекен кентінің №31,32,33 жалпы орта білім беретін мектептерінде 9 сынып оқушыларымен кәсіптер, кәсіптік жарамдылық, кәсіптік маңызды қасиеттер және кәсіптік мансап саласында білімді насихаттау және тарату арқылы білім алушылардың саналы кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін жағдай жасау мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Кәсіптік бағдарлаудың мақсаты білім алушыларға оқыту бейінін таңдауда шешім қабылдауда көмек көрсету, кәсіптік қызметті саналы таңдау қабілетін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Мамандықтар туралы ақпарат, сондай-ақ колледждің байланыс деректері бар ақпараттық буклеттер таратылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji