ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде Ақсу қаласы ТЖБ ҚБ тобының офицері, лейтенант А.Е.Байзақовпен кездесу өтті.

Кездесу барысында су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы сұхбат жүргізілді.

Студенттерді негізінен мұз қай жерлерде сынғыш және зардап шеккен адамға қандай алғашқы көмек көрсету керек деген сұрақтар қызықтырды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji