Бүгін Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі өз тамырына мақтанышпен қарайтын және халықтар достығына сенетін жандардың басын қосқан ерекше орынға айналды.
Мұнда Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеттері атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған жастар форумы өтті.
Бір сахнада түрлі халықтардың дәстүрлері қайта жаңғырды: қазақ, орыс, татар, ингуш, украин және түрік тілдерінде сөздер айтылып, әр ұлттың билері орындалды.
Залда түрлі жастағы және түрлі ұлт өкілдері жиналды — бәрі де құрмет, жылылық пен бірлік тілінде сөйлесті.
Қонақтарымыздың құттықтау сөздері форумға ерекше сән берді:
— Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы Мәдениет Қабылдинұлы Омарғалиев,
— «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айнұр Аблаевна Мұхамедьярова,
— және қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері.
Жастардың да сөздері әсерлі әрі мазмұнды болды. Мысалы, “Истина” дебат клубының жетекшісі, колледжіміздің студенті Шан Еврар колледждерде Ассамблея клубтарын ашуды ұсынды. Бұл бастама жастардың бірлік пен өзара құрмет мәдениетін дамытуға белсенді атсалысуына жол ашары сөзсіз.
Форумның ресми бөлігінен кейін қатысушылар шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысып, өз қолдарымен ұлттық әшекейлер жасады. Чак-чак әзірлеп, «Қара жорға» мен лезгинка билеуді үйренді.