ҚАЗАҚСТАН-СПОРТТЫҚ ҰЛТ

Салауатты өмір салтын насихаттау, дағдыларды жетілдіру, спорт шеберлігін арттыру шеңберінде Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде «Бес асық», «Жамбы ату», «Тоғызқұмалақ» сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар өтуде.
Негізінен «Асық атуды» ұлдар, «Бес асықты» қыздар ойнады. Алғашқылардың қатарында шеңберден бірнеше асықты бір лақтырумен атып түсірген мықты ойыншылар көп болғанын атап өткен жөн. Бұл айтарлықтай қошеметке ие болды.
Жарысты дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары өткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірнеше номинация бойынша дипломдармен және медальдармен марапатталды.
Іс – шаралар «Қазақстан-спорттық ұлт» ұранымен өтуде.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji