Наурыз мерекесі қарсаңында, балаларға халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат бере отыра және ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отыра, ойын, жарыс түрінде көрсетіп, қызығушылықтарын арттыра келе, ата-бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойын екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдауға тәрбиелеу мақсатында жатақхана студенттерімен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында ойын сағаты өтті. Балалар ұлттық ойын түрлері жайында алған мағлұматтарын, тәжірбиеде соның ішінде (білек тартысу, асық ойнау , тоғызқұмалақ) ойын түрлерін ойнап көрсете алды. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары артып, үлкен жауапкершілік танытып, белсене қатысты.
Болашақта да халқымыздың ұлттық ойын түрлері өз жалғасын тауып, студенттер арасында үлкен сұранысқа ие болады деген ойдамыз.
Шараны ұйымдастырған хатақхана тәрбиешісі П.К.Нургазинова.