Балабақшалар мен мектептерде ІТ-технологиялар қалай жұмыс істейді

«Балапан» балабақшасында «Мектепке бағдар» жобасы аясында облыстық семинар өтті.

Педагогикалық идеялар аукционында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің қызметкерлері мектеп және балабақша тәрбиешілеріне балалардың танымдық белсенділігін дамытуға көмектесу жолдары туралы айтып берді.

Колледж семинардың барлық қатысушыларын кәсіптік бағдар беру турына және мұғалімдер мен тәрбиешілердің жұмысында ІТ-технологияларды пайдалану бойынша шеберлік сыныбына шақырды.

Шеберлік сабағын арнайы пән оқытушысы Айгерім Жантурина жүргізді.

Ал экскурсияда студенттерге  мамандықтармен таныстырып, Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің базасында түрлі семинарлар мен шеберлік сабақтарында біліктіліктерін арттыруға болатыны айтылды.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji