«Беттерді сәндеу» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде 2025 жылдың 23 мамырында колледж оқытушыларына арналған «Беттерді сәндеу» тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Сабақты арнайы пәндер оқытушысы Еркінжас Талшын Асхатқызы жүргізді.

Сабақ барысында қатысушылар гипсокартонмен жұмыс жасап, трафареттік әдіс арқылы әртүрлі декоративті элементтер жасауды меңгерді. Текстуралармен жұмыс, нақтылық пен ұқыптылыққа мән беру – барлығы шығармашылық шабыт пен кәсіби қызығушылықты арттырды.

Мұндай шеберлік сабақтары педагогтердің тәжірибе алмасуына, кәсіби дағдыларын арттыруға және болашақта оқу үдерісін жетілдіруге зор үлес қосады.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji