Білім мен ғылымның интеграциясы – болашаққа қадам

LI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Білім мен ғылымның интеграциясы – болашаққа қадам»
(ИнЕУ, Павлодар қ.)

ВТ-124 тобының студенті Рихард Андрей, ғылыми жетекшісі Жексенова Жұлдыз Қабиқызының* басшылығымен өткен конференцияда «Колледжге түсуге арналған чат-бот» жобасымен 1-орынға ие болды.

💬 Жоба аясында Telegram платформасында колледжге түсуші талапкерлерге ақпарат беретін чат-бот әзірленді. Бот жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, оқу бағдарламалары мен қабылдау шарттары туралы мәлімет ұсынады.

📱 Бұл жұмыс студенттің бағдарламалау және цифрлық технологиялар саласындағы білімін іс жүзінде қолдана алғанын көрсетті.

👏 Жеңімпаз студент пен ғылыми жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз! Оқуда, ғылымда және кәсіби дамуда жаңа табыстар тілейміз!

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji