Біз біргеміз!

Күрделі эпидемиялық жағдай кезінде дәрігерлер жұмысында кез келген көмек коронавирустық инфекцияны жеңуге елеулі үлес екенін естен шығармаған жөн. Бұл ретте «BizBirgemiz» акциясы аясында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге қолдау көрсетті. Азық-түлік жиынтықтары мен үйде пісірілген тағамдар Ақсу орталық ауруханасына, «Еуразия» Медициналық орталығына және «ЕЭК» емдеу-сауықтыру кешеніне жеткізілді. Колледж директоры Абай Құрманқұлов өз өмірлерін қатерге тігіп, науқастарды емдеп-жазуға бар күштерін салатын медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. Байқағанымыздай, бүгінгі таңда әр ұйымнан қолдарынан келгенше қолдау көрсетілуде. Бұл өз кезегінде ақ халатты абзал жандарға жақсы демеу екендігі мәлім.

_________________________________________________________________

Аксуский Высший многопрофильный колледж имени Жаяу Мусы в рамках акции #BIZBIRGEMIZ оказала поддержку врачам, которые борются за жизни людей.
В Аксускую центральную больницу, Медицинский Центр «Евразия» и лечебно-оздоровительный комплекс «ЕЭК» были доставлены продуктовые наборы и домашняя выпечка.
Так коллектив колледжа решила выразит свою благодарность врачам, которые днем и ночью борются с пандемией эти последние месяцы.
Директор колледжа Курманкулов А.Б. выразил слова благодарности медицинским работникам, которые находятся на передовой и, рискуя своей жизнью, буквально работают на износ.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji