Қазақстанда сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүруді мақсат еткен шағын Ақсу қаласының отансүйгіш және бәсекеге қабілетті жастары өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарды сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырады.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында өтіп жатқан «Біз жемқорлыққа қарсымыз» акциясына қатысушы – Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің студенттері «Біз гүлденген елде сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүргіміз келеді!» – деп ұрандайды.
Сондай-ақ, жас ұрпақ өкілдері қоғамдық, мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарындағы парақорлық көріністеріне бей-жай қарамауға, оларды ауыздықтауға жан-жақты көмек көрсетуге шақыра отырып, бейнебаяндар мен презентациялар жасап жатыр.