БОЛАШАҚ ҚҰРЫЛЫСШЫ ҮЙІ

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің БКД бөлімшесінде «Болашақ құрылысшы үйі» макеттерінің онлайн-байқауы өтті. Қазылар алқасына «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша Ст-21 тобының студенттері өздерінің авторлық жұмыстарын ұсынды.

Болашақ мамандар макеттер жасауда әртүрлі материалдарды қолданды: картон, ағаш, бетон, фанера, пластмасса, мата. Бір сөзбен айтқанда, оларға осылардың бәрі «Болашақ құрылысшы үйін» құруға мүмкіндік берді.

Өз жобаларын шебер қорғай отырып, студенттер орындалған жұмыстың өзіндік ерекшелігіне тағы бір мәрте назар аударып, шығармашылық қабілеттерін, қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Бас жүлде үшін күрес оңай болған жоқ.

Нәтижесінде 1-орын Бойко Данилге – «Мансары бар үй» жобасына, 2-орынға Рейш Эрик – «Қала сыртындағы үй» жобасы ие болды. Бекболат Еламанның жобасы «Үздік дизайн» номинациясымен, ал Голубева Галинаның жұмысы «Үздік көп қабатты ғимарат» номинациясымен марапатталды.

Конкурс техникалық пәндер ӘБК және БКД бөлімінің қызмет көрсету секторының іс-шаралар жоспары негізінде өткізілді.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji