Дөңгелек үстел (ВИДЕО)

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара бір минуттық үнсіздікпен басталып, саяси қуғын-сүргін жылдары зардап шеккен миллиондаған адамдарға құрмет көрсетілді. Шара барысында Қазақстан тарихындағы қайғылы кезеңдер, жазықсыз жапа шеккен жандар мен ГУЛАГ жүйесіндегі лагерьлер туралы баяндайтын деректі фильм көрсетілді.

Кездесу аясында ұйымдастырылған блиц-турнир студенттердің тарихты қаншалықты білетінін айқын көрсетті. Олар қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғалар мен сол кезең оқиғаларына байланысты сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараны оқу топтарының жетекшілері Н.З. Хайбулина мен А.К. Байдахметова ұйымдастырып, өткізді. Олардың еңбегі студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, өткенге құрметпен қарауға және шындықты ұмытпауға өз үлесін қосты.

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу — бұл азаматтық парызымыз және ұлттық санамыздың ажырамас бөлігі.

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji