4 ақпанда ДОШ-125 тобында «Дұрыс тамақтану – табыс кепілі» тақырыбында тағылымды дәріс өтті. Дәрісті колледждің медициналық қызметкері Г.А. Махмудова жүргізді.

Кездесу барысында студенттерге дұрыс тамақтанудың адам денсаулығы мен оқу үлгеріміне тигізер әсері, салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы жайлы кеңінен сөз қозғалды.

Шара еркін әрі әсерлі форматта өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан жан-жақты, мазмұнды жауаптар алды.
