Day-2: Қытайдағы тағылымдама (ВИДЕО)

Жаяу Муса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің делегациясы Шаньси провинциясындағы жұмысын жалғастыруда. Құрамында өндірістік оқыту шеберлері Леонид Граф пен Расул Елеусізов, студент-чемпион Максим Сорозидинов және Валерий Кондрушин бар.

21 қаңтар күні таңертең қатысушылар шахтада авариялық-құтқару жаттығуларынан өтті. Олар жеке қорғаныс құралдарымен, газоанализаторлармен танысып, шынайы жағдайға барынша жақын ортада өрт пен опырылу кезіндегі іс-қимылдарды пысықтады.

Түстен кейін делегация BYD зауытына барып, заманауи электр көліктерін құрастыру желілерімен танысты.

Тәжірибе, технология және халықаралық деңгейдегі білім — оларды дәл осы мақсат біріктіріп отыр 

Like this post? Please share to your friends:
Jaıaý Musa atyndaǵy Aqsý joǵary kópsalaly koleji